Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Тынық мұхит майшабағының іші қара түсті үлдірмен жабылған. Тынық мұхит майшабақтары камчатка, сахалин, охотский түрлерінне ажыратылады. Олардың сапасы да әртүрлі. Тынық мұхит майшабақтарының майлылығы басқаларына қарағанда төменірек және жоғары сапасымен ерекшеленбейді.
Сардина – теңіз балыгы. Атлант мұхиты мен Тынық мүхиттың субтропикалық және тропикалық суларынан ауланады. Салмағы 100–150 г (кейде 250 грамра жетеді). Оның еті өте жұмсақ, нәрлі, одан аспаздықта неше түрлі тағам әзірлеуге болады. Сардина – құнды кәсіптік балық. Ол майшабаққа ұқсас, бірақ арқасы көк-жасыл түсті, ал бүйірі мен іші майшабаққа қарағанда қоюлау түсті. Құйрық қанатшасының негізінде қанатша тәрізді қабыршақтар орналасқан, бұл оның ерекшелігі болып табылады. Сардина атлант және тынық мұхит сардиналары болып ажыратылады.
Тынық мұхит сардинасы (иваси) жылы кездерде шығыс Камчатка мен солтүстік-шығыс Сахалин жағаларынан ауланады. Бұл сардинаға орта сызығы бойымен қара дақтардың орналасуы тән. Балық жылу сүйгіш, температура 5-6 С-қа дейін күрт төмендегенде бірнеше сағат ішінде түгелдей қырылады.