Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет118/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

4.3.1. Татымдықтарды сараптау


Татымдықтар сапасын органолептикалық, физика-химиялық және қауіпсіздік көрсеткіштер бойынша бағалайды.

Татымдықтарды органолептикалық бағалау сыртқы түрін, пішінін, бетінің күйін, бүтіндігін, тазалығын, дәмі мен хош иісін анықтаудан тұрады.

Сыртқы түрін татымдықтар өлшендісін ақ қағаз бетіне жайып, көзбен қарау арқылы бағалайды.

Татымдықтар өлшемін сызғышпен өлшеу арқылы анықтайды.

Түсін анықтау кезінде осы татымдыққа тән түстен ауытқуын қарастырады.

Татымдықтар иісі – өзіне тән, татымды, ерекше болады.

Көптеген татымдықтардың дәмі ащылау немесе күйдіргіш ащы.



Толық емес жемістер мен тұқымдардың, бос қуысты және жеңіл салмақты татымдықтардың болуын зерттелетін татымдықты суға немесе спиртке батыру арқылы бақылайды. Жеңіл, қуысты, желінген дақылдар бетіне қалқып шығады.

Татымдықтардың зақымдануын, қоспалар мөлшерін анықтау үшін орташа сынамадан үлгі алып, тақта бетіне жайып, толық дақылдарды, механикалық зақымдалған, аурулармен зақымдалған (көгерген, шіріген және т.б.) немесе зиянкестермен зақымдалған (арам шөп, органикалық және минералды қоспалар) дақылдарды сұрыптап бөледі. Әр фракцияны өлшеп, пайызбен өрнектейді, стандарт талаптарымен салыстырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет