Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Бадьяннемесе жұлдызды анис – магнолит тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштың кепкен жемістері. Сыртқы түрі бойынша жұлдызшаға ұқсас. Бадьян анис иісті және сәл тәтті, аздап ауыз қуыратын дәмі бар. Бадьянға дәм мен иісті ацетолдан (85–95%) тұратын эфир майлары береді. Бадьянды аспаздықта, ұн және ликер-арақ өнімдерін жасауда қолданады.