Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет116/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Кориандр – шатыргүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктің шар тәрізді сары қоңыр түсті жемістері. Жемістерге дәм мен ароматты негізгі құрамдас бөлігі линолоол спиртінен (70% дейін) тұратын эфир майлары береді. Кориандрды нан, кондитер, ликер-арақ, шұжық, сыр, сыра, маринадтар, соустар өндірісінде қолданады.

Кардамон – імбір тұқымдасына жататын мәңгі жасыл өсімдіктің жетілмеген жемістерін кептіріп алынған өнім. Кардамон жемістері овал формалы (ұзындығы 8–14 мм) және ерекше жағымды аромат пен күйдіргіш дәмімен ерекшеленеді. Кардамонның дәмі мен ароматы негізінен αтерпинеолдан тұратын эфир майларына негізделген. Саудаға кардамон бүтін жімістер немесе ұнтақталған түрде түседі. Аспаздықта, ликер-арақ және кондитер өндірісінде қолданады.

Бұрыш – татымдықтардың ішінде кең тараған түрі. Оның төрт түрін ажыратады: қара, ақ, хош иісті және қызыл.

Қара бұрыш – тропикалық өсімдіктердің жетілмеген жемістерін кептіру арқылы алады. Олар өте хош иісті ароматымен және күйдіргіш дәмімен ерекшеленеді. Дәмін пиперин алкалоиді (7%) береді. Саудаға қара бұрыш бүтін жеміс (бұршақтар) немесе ұнтақталған түрде түседі. Қара бұрышты аспаздықта, шұжық, ет, балық консервілерін жасауда және т.б. қолданады.

Хош иісті бұрыш – мирт тұқымдасына жататын тропикалық өсімдіктің жетілмеген жемістерін кептіру арқылы алады. Хош иісті бұрыштың өткір ароматы қалампыр, дәмқабық және мускат жаңғағының ароматына ұқсайды, ол эфир майларына (3–4,7%) негізделген. Эфир майларының құрамына эвенгол (60–80%) кіреді. Хош иісті бұрыш саудаға бұршақ түрінде түседі.

Қызыл ұнтақталған бұрышты (паприка) өткір қызыл бұрыштың кепкен жемістерін ұнтақтау арқылы алады. Ауыз күйдіргіш өткір дәмі капсаицин алкалоидына (0,92–1%) негізделген. Бұл бұрышты аспаздықта, шұжық, балық және көкөніс консервілері, маринад, соустар және т.б. өндірістерінде қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет