Арақ және ликер-арақ өнімдерінің сапасын сараптау. Арақ және ликерарақ өнімдерінің сапасын сараптау дегустация және лабораториялық жолмен анықтайды.
Арақ жұмсақ дәмімен, өзіне тән арақ иісімен ерекшелену керек, бөтен дәм болмау керек. Ол түссіз, мөлдір, бөтен қоспасыз, тұнбасыз болу керек.
Барлық ликер-арақ өнімдері мөлдір, өзіне тән түсі, дәмі және иісі болу керек.
Арақ және ликер-арақ өнімдерінде органолептикалық әдіспен сыртқы түрін, түсін, иісін және дәмін анықтайды.
Оларды шыны, керамикалық немесе фаянс ыдыстарға 1 л дейін құяды. Ағаш немесе полиэтилен тығынмен, пластмасса немесе алюминий қақпақтармен тығындайды.
Спирттік сусындарды құрғақ, жақсы желдетілетін бөлмелерде 10–20С температурада 65–75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 2–8 ай сақтайды. Боялған өнімдерді қараңғы бөлмеде сақтау керек, себебі бояғыш заттар жарық әсерінен ыдырауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |