Жүзім шараптары мен коньяк сапасына қойылатын талаптар. Шараптардың сапасын дегустация арқылы және химиялық, микробиологиялық зерттеулер көмегімен анықтайды. Маңызды орынды органолептикалық бағалау алады, түсінің дәл реңдерін, дәмі мен ароматын айқындауға болады, біртекті шараптарды маркалыдан жас шарапты тұрғызылған шараптан ажыратуға мүмкіндік береді. Шарап сапасын органолептикалық түрде 10 баллдық жүй бойынша келесі көрсеткіштермен бағалайды: мөлдірлік, түсі, букет, дәмі және типтілігі. Жалпы баға 10 балл болса шарап өте жоғары сапалы, 9 – өте жақсыға жақын, 8 – өте жақсы, 7 – жақсы, 6 – орташа, 5 – ақаулылы екенін білдіреді.
Физико-химиялық әдіспен шарапта спирт, қант, ұшқыш қышқылдар, күкірт қышқылы, ауыр металл тұздарының мөлшерін, титрленетін қышқылдылығын тағы басқаны анықтайды.
Органолептикалық әдіспен коньякта түсін, дәмін, букетін және мөлдірлігін анықтайды. Бөтен иіс, дәм болса, тұнбалы коньякты саудаға жібермейді.
Жүзім шараптарын шыны бөтелкелерге 0,25; 0,5; 0,7; 0,75; 0,8 және 1 л құяды. Көпіршікті шараптарды 8 атм қысымда тұрғызылған қалың шыныдан жасалған арнайы бөтелкелерге құяды. Коньякты 0,05; 0,1; 0,25; 0,5 бөтелкелерге құяды. Бөтелкелердің аузын бекіту үшін ағаш, әртүрлі полимерлі тығындар, бұралатын металл қақпақтар қолданады. Ағаш немесе полиэтилен тығындарының үстінен металл, пластмасса, визкозды қақпақтарды жабады. Көпіршікті шараптар үшін ағаш немесе поиэтилен тығындар қолданады. Олар аузында арнайы сыммен бекітіліп, фольгамен жабылады, астынғы шетіне кольеретка жабыстырылады.
Шараптарды қараңғы бөлмелерде, горизонталь жатқызып, 8–16 °С температурада сақтайды. Жартылай тәтті шараптарды –2-ден +8°С дейін температурада сақтау керек. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70-75% болу керек. Шараптарды мұздатуға, –6 °С төмен температурада сақтауға болмайды.
Сақтау мерзімі: шарап түріне байланысты 3-5 айға дейін, коньяк – шығарылған күнінен бастап 24 ай. Бұл мерзім аяқталғанда лайлану немесе тұнба болмаса ары қарай өткізу мен сақтауға рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |