Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет166/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   379
Бұршақ кәмпиттер (Драже) – майда, домалақ формалы жылтыр бетті кондитер өнімдері. Өнімдер корпустан, қабықшадан (қоспалы немесе қоспасыз қант сиропымен қатырылған қант ұнтағы) және жұқа қабатты жылтыр беттен (балауыз, парафин және май қоспасы) тұрады.

Корпусын әртүрлі кәмпит массасынан немесе карамель массасынан дайындайды. Корпус ретінде сонымен қатар жаңғақ ядролары, кептірілген немесе спирттелген жемістер мен жидектер қолданады. Түрі бойынша корпустар ликерлі, помадалы, жеміс-желелі, марципанды, карамельді, ядролы және т.б. болады.

Корпусты ары қарай өңдеуіне байланысты дражелер: қантты – қант ұнтағынан жасалған қабықты және қант ұнтағымен себілген; шоколадты – қабығы құмшекер мен какао ұнтағынан жасалған және сыртынн шоколад әйнекейімен өңделіп қантпен жылтырлатылған; нонпарельді – майда қант қияршығымен жабылған болады.

Корпус массасын және оны қалыптауды конфет (немесе карамель) массаларының түріне сәйкес жүргізеді. Ары қарай өңдеу айналмалы дражирлеу қазандарында – көлбеу орналасқан 60-80 кг сыйымдылықты ыдыстарда жүргізіледі. Алдымен қант-сірне сиропына батырылған корпусына бірнеше рет қант ұнтағын (немесе қоспасын) жағады. Түрлі түсті драже жасау үшін жағу соңынан тағамдық бояғышпен боялған қант сиропын қолданады. Содан кейін жартылай фабрикаттарды балауыз-май қоспасымен жылтырлатады. Жылтырлату дражелерді ылғалданудан, кебуден, өнім ішіне ауа енуінен сақтайды.

Корпусына қарай сонымен қатар дражелердің келесі түрлерін өндіреді: помадалы – Весна, Малиновое, Снежок; желелі – Барбарис, Желейное, Лимончики; ликерліБуратино, Десертное, Мятный ликер; карамельді – Фруктовое, Юбилейное, Ягодка; жаңғақтыАрахис в сахаре, Арахис в шоколаде, Лесной орех; марципанды –Марципан в сахаре, Марципан в шоколаде; қантты –Молочный горошек, Цветной горошек, Мятное; жемісжидекті – Морские камешки с изюмом, Изюм в шоколаде, Вишня в шоколаде; емдәмдік дәрумендер, теңіз орамжапырағының ұнтағы, глюкоза, қант алмастырғыштар қосылған.

Драже өлшеп сатылатын және 600 г-нан (емдәмдік 300 г дейін) пакеттерге, қораптарға, қаңылтыр ыдыстарға буып түйілген түрде шығарылады. Өлшеп сатылатын және буып-түйілген дражелерді корпусына байланысты 10 және 20 кг-нан жәшіктерге салады.

Кәмпиттер мен иристі сақтайтын жағдайларда сақтайды. Сақтау мерзімі корпус түрі мен оны өңдеуіне байланысты – 25-90 күн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет