Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет165/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   379
Салмалы шоколадты кәмпиттер (Ассорти типті) – әртүрлі формалы, бетінде әртүрлі суреті бар шоколад немесе сүтті-шоколад массасынан және салмадан жасалған өнімдер. Шоколад жинағын шоколадты, помадалы және шоколадты-помадалы деп ажыратады.

Кәмпиттерді дара, өлшеп және өлшеп буып-түйілген түрде шығарады. Оларды қораптарға, қағаз, целлофан және полимерлі материалдан жасалған пакеттерге буып-түйеді. Өлшеп сатылатын оралған кәмпиттерді жәшіктерге үйіп немесе қатарлап салады, ал оралмаған кәмпиттерді – картон немесе ағаш жәшіктерге қатарлап, арасына қағаз немесе целлофан төсеп 5 және 10 кг-нан салады. Кәмпиттерді 18С дейін температурада 75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтау керек.

Сақтау мерзімі: оралған шоколад әйнекейлі кәмпит – 4 ай, оралмағаны – 3 ай; әйнекейленбеген және май әйнекейімен әйнекейленген – 2 айға дейін; Ассорти шоколад кәмпиттері – 2 айға дейін, ликер салмалы – 25 күн; помадкалар – 3-5 күн.

Ирис – құмшекерден, сүттен, майдан және сірнеден дайындалған қоңыр түсті конфет түрі. Құрамында жоғары калориялы заттар көп болғандықтан оның құнарлылығы өте жоғары. Ирис дайындау үшін алдымен рецептуралық қоспа жасалынады. Ол үшін алдымен қант шырынын дайындап, оған сүт құйылады да қоспаны 3,0- 3,5 сағат қайнатады. Қоспа суалған кезде үстіне 6065С тазаланған сірне және қорытылған сары май салынады. Осы қоспа қоюлатылып қайнатылады да ары қарай суытылып пішінделінеді.

Құрылымы мен консистенциясына қарай иристің үш түрі өндіріледі: қатты немесе карамель тәрізді, ол аморфты құрылымға ие (Особый); жартылай қатты, ол да аморфты құрылымға ие, тек аз уақыт қайнатылған (Золотой ключик, Забава, Кис-кис, т.б); тиражды, оны ирис массасын араластыру арқылы алады, нәтижесінде қанттың бір бөлігі кристал түрінде бөлінеді (Прима, Школьный, Сливочный, Кофейный). Тиражды иристің үш түрі болады: жартылай қатты, жұмсақ және созылмалы (желатин массасы қосылған).

Ирис өндіру кезінде сүттің орнына азотты заттарға бай басқа шикізаттар қолданылу мүмкін, мысалы соя, жаңғақтар және майлы дәндер.

Саудаға ирис дара және өлшеп сатылатын; оралған, оралмаған және өлшеп буып-түйілген түрде түседі. Иристі 500 г-нан пакеттерге, қораптарға салады. Оралған иристі 15 кг дейін жәшіктерге үйіп салады; оралмаған иристі – 17 кг дейін қатарлап, арасына қағаз төсеп салады.

Иристі 18С дейін температурада 75% дейін салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі: жартылай қатты тиражды, оралған – 6 айға дейін, оралмаған – 5 айға дейін, қалған түрлерін 2 айға дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет