Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет167/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

6.4. Кәмпит өнімдерін сараптау


Органолептикалық көрсеткіштерден пішіні, сыртқы түрі, түсі мен иісі анықталады. Физика-химиялық көрсеткіштерден ылғалдылық, қышқылдыллық, редуцирленетін қант мөлшері, салманың массалық үлесі, әйнекей мөлшері, қанттың массалық үлесі, жалпы күкіртті қышқылдың массалық үлесі, кұл мөлшері анықталады.



Кәмпит сапасына қойылатын талаптар. Сыртқы түрі бойынша әйнекейленбеген кәмпиттер құрғақ, жабысқақ емес; шоколадпен әйнекейленген – әйнекейі тегіс, біртекті жағылған болу керек. Кәмпиттердің пішіні атына сәйкес, дұрыс, деформацияланбаған болу керек. Дәмі мен иісі – айқын білінетін, өнім атына сәйкес, ашып кетпеген және бөтен жағымсыз дәм мен иіссіз болу керек. Әйнекейленген кәмпиттерде әйнекей мөлшері – 22% жоғары, ал Ассорти типті кәмпиттерде салма мөлшері – 50% дейін болу керек.

Кәмпит ақаулары: әйнекейдің қантты немесе майлы тұнуы; әйнекейленбеген кәмпит бетінде қант кристалдарынан ақ дақтардың пайда болуы; деформацияланған өнімдер; әйнекейі ұнтақталған кәмпиттер; ащы немесе бөтен дәм мен иіс; қамба зиянкестерімен зақымдануы.



Ирис сапасына қойылатын талаптар. Ирис беті құрғақ, жабысқақ емес, жарылмаған, айқын суретті болу керек. Түсі – ашық қоңырдан қою қоңырға дейін. Пішіні дұрыс, тегіс, бұрыштары мен қырлары езілмеген, айқын суретті болу керек. Дәмі мен иісі айқын білінетін, сүт татымды (Фруктовый мен Восточныйдан басқа) болу керек.

Ирис ақаулары: деформация, жарылған беті; ашып кеткен немесе басқа жағымсыз дәм.

Драже сапасын дәмі, ароматы, түсі, бетінің күйі, пішіні, консистенциясы бойынша анықтайды, бір біріне жабысып қалған және деформацияланған өнімдер мөлшерін анықтайды. Дражелердің барлық түрлері үшін ылғалдылық, қышқылдылық және т.б. нормаланады.

Шіріген, ашыған дәмді, шоколад әйнекейі сұрланған дражелерді сатуға болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет