Ірімшік жартылай фабрикаттары. Ірімшік жартылай фабрикаттарын ірімшік пен ұннан жасайды. Тамаққа қолдану алдында қосымша өңдеу мен жылулық өңдеуді қажет етеді. Жартылай фабрикаттың келесі түрлері өндіріледі: Сырниктерге арналған қамыр, Сырниктер, Варениктерге арналған қамыр, Майсыз ірімшікпен құймақшалар, Мейіз қосылған және мейізсіз көмбе. Ірімшік жартылай фабрикаттарына қойылатын талаптар. Сырниктер цилиндр немесе домалақ формалы; ірімшіктен жасалған варениктер – тұшпара формалы; ірімшік салынған құймақшалар мен көмбе – тік бұрышты болу керек. Барлық өнімдер бір-біріне жабыспаған, деформацияланбаған, варениктер шеті дұрыс жабыстырылған болу керек. Қатырылған варениктер шайқау кезінде анық дыбыс шығарады. Ірімшік жартылай фабрикаттары таза, бөтен дәм мен иіссіз болу керек.
Ірімшік жартылай фабрикаттарын пергаментке, полиэтилен үлдірлерге, картон қораптарға немесе пакеттерге 250-1000 г-нан орайды. 4-8С температурада 36 сағат, -10С температурада қатырылған варениктерді 15 тәулікке дейін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |