Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет28/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Қарабидай ұнын тарту түріне байланысты еленген, кебекті және кебексіз деп бөледі.

Кебекті ұн – ірі тартылған, сұр түсті, кебек бөлшектері байқалады (20– 25%); құрамы бойынша қарабидай дәніне жақын; шығымы – 95%, күлділігі – 1,9% дейін.

Кебекті ұн қоспалардан тазартылып тартылған қарабидай дақылы болып табылады. Ұнды бір сұрыпты 95% тартуда №067 електен өткізіп алады.

Кебекті ұн қарабидай дақылының тендерінен (жемісті қабықша мен ұрық мөлшері аз) тұрады және ұнтақталған эндосперммен (20–25%) қатар ұнтақталған қабықша мен алейронды қабаттан тұрады. Бөлшек өлшемі 30-дан 600 мкм дейін. Түсі қарабидай дақылының түсіне байланысты сұр, сары немесе жасыл реңі айқын білінетін ақ түсті. Ұн суда еритін заттарға, қантқа бай. Құрамында 12–14% ақуыз, 1,9% дейін күл және 2–2,5% жасұнық бар. Оны жай, мәскеу, бородин нанын алуға қолданады.

Кебексіз ұнның бөлшектері ірірек, қабықша үлесі көп 12–15%; сұр-ақ түсті; шығымы – 87%; күлділігі – 1,45% дейін.

Кебексіз ұнда кебекті ұнға қарағанда дақыл қабықшасы мен алейронды қабат мөлшері аз (12–15%), жоғары дәрежеде ұнтақталумен ерекшеленеді. Оны бір сұрыпты тарту (87% шығымымен) немесе екі сұрыпты тартуда №045 електен өткізіп алады. Бөлшек өлшемі 30-дан 400 мкм дейін. Ұн түсі – сұр немесе қоңыр реңді ақ түсті. Кебекті ұнда суда еритін заттар мен қантқа бай, бірақ ақуыз (10–12%), күл (1,2–1,4%) және жасұнық (0,9–1,1%) мөлшері азырақ. Бұл сұрыпты кебекті, украиндық, асханалық нан пісіруге қолданады.



Еленген ұнмайда тартылған, сәл сұр немесе көкшіл реңді ақ түсті; шығымы – 63%, күлділігі – 0,75% аспайды; қабықша бөлшектерінің мөлшері – 1–3%. Еленген ұн – сапасы жағынан жоғары қарабидай ұны. Ол алейронды қабат пен қабық шалардың аз мөлшерінен (4%) өте ұнтақталған эндоспермадан тұрады. Оны бір сұрыпты (63% шығымы) немесе екі сұрыпты еленген (15% шығымы) тарту арқылы №27 жібек електен өткізіп алады. Бөлшек өлшемі 20– дан 200 мкм дейін. Ұн түсі – көкшіл реңді ақ түсті. Ұн қант пен крахмалға бай, біраз мөлшерде суда еритін заттар және салыстырмалы аз ақуыздан (8–10%), күлден (0,7–0,75%) және жасұнықтан (0,3–0,4%) тұрады. Еленген ұнды еленген, минск, рижск нандарын пісіруге қолданады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет