Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Табиғи жартылайфабрикаттар белгілі бір өлшемді, массалы ұша бөліктері. Басқа жартылай фабрикаттарға қарағанда сапасы жоғары, себебі ол ұшаның ең нәзік бөліктерінен байындалады. Табиғи жартылай фабрикаттар ірі бөлікті, кесектелген және ұсақ бөлікті деп бөлінеді.
Ұсақ бөлікті жартылай фабрикаттар 125–1000 г дейін массалы туралған еттен тұрады. Ассортименті: азу, бефстроганов, кәуап, гуляш, рагу, сүйек жинағы.
Ірі бөлікті жартылай фабрикаттар сиыр етінен екі түрде өндіріледі. Жоғары сұрыпты сүйексіз жартылай фабрикат І категориялы сиыр етінің арқа, белдеме, сан және жауырын еттері.
Котлет еті – ірі бөлікті еттерді тазалағанда немесе қабырға арасынан, мойнынан және шап етінен алынған еттер. Олар турамаланған жартылай фабрикаттар алуда қолданылады.