Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Шошқа етінен ірі бөлікті жартылай фабрикаттар



бет294/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Шошқа етінен ірі бөлікті жартылай фабрикаттар. Шошқа етінен алынған сүйексіз жартылай фабрикаттар екі түрде өндіріледі: табиғи котлет жасауға арналған және қуыруға арналған шошқа еті.

Қой етінен жасалған сүйексіз жартылай фабрикат сан, арқа-жауырын және белдеме еттерінен алынады.

Бұзау етінен корейка (арқа және белдемедегі ет) және төс алынады.

Құс етінен дайындалынатын жартылай фабрикаттарға жеңсік балапан еті, тауық филесі, қуыруға дайындалған балапан, тауық сан еті, сорпа жиынтығы және т.б. жатады.

Ұнға немесе нан ұнтағына аунатылған жартылай фабрикаттар жасау үшін ет кесектерін ұрады, содан соң жұмыртқа массасына (льезон) батырып ұнға аунатады. Бұндай өнімдерді қуырған кезде ет шырыны ағып кетпейтіндей қабықша түзіледі, бұл өнімге нәзіктілік береді. Ұнға аунатылған жартылай фабрикаттардың кесек массасы – 125 г, оның ішінде 110 г ет, 4 г жұмыртқа массасы және 11 г ұн құрайды.Олардан ромштекс, бифштекс, шницель, котлет дайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет