Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Турамаланған жартылай фабрикаттар



бет295/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   379
Турамаланған жартылай фабрикаттар жасау үшін сүйегінен, сіңірінен ажыратылған ет, май, бидай наны, тұз, бұрыш, пияз қолданылады, кейбіреуіне жұмыртқа қосады. Турамаланған жартылай фабрикаттарға котлет, шницель, бифштекс, фрикаделькалар жатады.

Тұшпара – ет турамасынан жасалған салмасы бар тұщы қамырдан жасалған өнім.1 данасының массасы 12 г. Тұшпара өндірісі келесі үдерістерден тұрады: қамыр илеу; турама дайындау; автоматтарда тұшпараны қалыптау; – 18...–23 С дейін температурада тұшпараны мұздату; 350,500 және 1000 г-нан орау.

Тұшпара қамырын жоғары сұрыпты бидай ұнынан жұмыртқа немесе меланж және тұз қосып дайындайды.Тураманы майдаланған етке пияз, тұз, қант және қара бұрыш қосып дайындайды.

Ет турамасы сүйектен, сіңірлерден ажыратылған етті майдалау арқылы алынады. Ол сиыр етінің, шошқа етінің, қой етінің турамаларыүй ет турамасы (сиыр және шошқа етінің қоспасы) және ерекше ет турамасы (50% шошқа еті, 20% сиыр еті, 30% гидратталған соя ақуызы) болады. Турама тоңазытылған (0...–4С) және мұздатылған (-8о) түрде өндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет