Тамақ концентраттарының ассортименті. Концентраттары тағайындалу және өндіру технологиясы бойынша келесі топтарға бөлінеді: түстік тағам концентраттары; ұн өнімдерінің жартылай фабрикаттары; балалар және емдәмдік тағамына арналған құрғақ өнімдер; сұлыдан жасалған емдәмдік өнімдер; құрғақ таңертеңгі ас.
Түстік тағам концентраттары – бұл алуан түрлі өнім тобы. Оларға бірінші тамақ концентраттары (ет және балық сорпалары, рассольник, солянка, ет бульон кубиктері және т.б.); екінші тамақ концентраттары (күріш, қарақұмық, бидай және т.б. май қосылған ботқалар); десертті тағам концентраттары (кисель, мусс, желе, қайнатылған кремдер, пудингтер және т.б.); сонымен қатар аспаздық соустар концентраттары (ет, саңырауқұлақ, сүт және т.б. соустары).