Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Тамақ концентраттарының сапасын сараптау



бет308/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

11.1. Тамақ концентраттарының сапасын сараптау


Тамақ концентраттарының сапасын органолептикалық және физикохимиялық көрсеткіштермен бағалайды. Брикеттер дұрыс пішінді, қалыңдығы бойынша біртекті болу керек. Сусымалы концентраттар тығыздалмаған түйіршіктер болуы мүмкін. Дәмін, иісін, түсін және концентрациясын концентраттан затбелгіде көрсетілгендей әдіспен тамақ жасап анықтайды. Физико-химиялық көрсеткіштерден нетто массасын, ылғалдылығын, қышқылдылығын, қанттың, тұздың, майды, күлдің массалық үлесін, минералды және металл қоспа мөлшерін, нан зиянкестерімен зақымдануын (рұқсат етілмейді), пісіру ұзақтығын анықтайды.

Тамақ концентраттардың сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге оларды буып түю сапасы мен маркілеу дұрыстығы, нетто массасы, сыртқы түрі, иісі мен дәмі, зиянкестермен зақымдануы, металл магнит қоспа мөлшері, жеке құрамдас бөліктерінің мөлшері, пісуі, дайын өнім сыртқы түрі, иісі мен дәмі жатады.

Орама сапасын, маркілеу дұрыстығын және нетто массасын анықтау. Сынаманы алып, көзбен шолып қарайды да, орама және затбелгі болуын жэне күйін, жазбалар болуын, орау және бекіту сапасын анықтайды.

Нетто массасын анықтау үшін сынамадан бір орама бірлікті алып, орамасынан ажыратып, таразыда өлшейді. Ауытқуларын есептеп, стандарт бойынша ауытқудмен салыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет