Шемая – өте дәмді майлы балық, әсіресе ысталған және қақталған түрлері сапалы болып саналады.
Чехонь – Каспий, Қара, Азов, Балтьщ жэне Арал теңіздерінде кездеседі. Салмағы 100 грамнан 400 грамға дейін (кейде 1 кг). Чехонь еті нәзік, тәттілеу.Етінде ұсак қылтанақтар көп болады. Чехоньды көбінесе ыстап немесе қақтап, кептіріп жейді. Көбінесе қақтау мен ыстауға қолданылады.
Ақмарқа (жерех) тұщы суда өседі. Ол Балтық, Қара, Арал теңіздерінде және Каспий теңізінің солтүстігіне құятын өзендерде, бассейндерде тіршілік етеді, салмағы 2 килограмнан 4 килограмға дейін. Арал, солтүстік Каспий және оңтүстік Касиий ақмарқалары кездеседі. Дәмділігі жағынан ең таңдаулысы – оңтүстік Каспий ақмарқасы (хашам). Ақмарқаның еті дәмді болғанымен қылтаны көп. Қақтап кептірілген және ысталған күйінде пайдаланылады.