Дөңмаңдай (толстолобик) – тұқы тұқымдасына жататын балық. Амур өзенінің ортаңғы төменгі аңысында кездеседі. Қазақстанда тоғада өсіріледі. Соңғы жылдары өсіріп-өрбіту үшін Балхаш көліне, Арал, Каспий теңіздеріне жіберілген. Ұзыдығы 1 м, массасы 16 кг-дай, 5–6 жасында тұқым бере бастайды. Жазғытұрым су тасыған кезде 490–540 мыңдай уылдырық шашады (түбі тұтас құмайт не тасты, ағынды су ішіне). Ұрық шашқаннан кейін көлге шығады. Тоған шаруашылығында өсімдік қоректі балық түрін алу әдісі табылды. Қазақстанда жылына 1800 тоннадай ауланады. Бұл республика тоғандарынан ауланған балықтың жартысынан астамы.
Қаяз (усач)– оның бірнеше түрі болады. Олардың ең ірісі – арал қаязы, Арал және Каспий теңіздері бассейнінен ауламады. Салмағы 5 кг (кейде 23 кг болады). Днепр, Днестр және Буг өзендерінде днепр қаязы кездеседі, олардың арал қаязынан айырмашылығы – кішілеу болып келеді. Салмағы 800 г. Еті семіз майлы, дәмді. Оның уылдырығы улы болғандықтан, жеуге жарамайды.
Қаяз аузы жанында екі мұрты бар. Еті дәмді және майлы. Ұзындығы басымен бірге – 65 см жоғары, басысыз – 55 см жететін балық ірі болып саналады. Барлық ауланған балықтар тұздалып, ары қарай ысталады немесе қақталады.
Кутум – нәзік, майлы етті; ұзынша денелі балық. Оңтүстік Каспийден ауланатын құнды балық.