Тынық мұхит навагасы – вахня – сібір навагасынан ірілеу, бірақ дәмі жағынан төмендеу. Тынық мұхит навагасы етінің консистенциясы сібір навагасына қарағанда дөрекі. Навагалар саудаға мұздатылған күйде түседі.
Мерлуза (ақшыл хек) – теңіз балығы. Атлант мұхитының ағысы баяу суларынан ауланады. Мерлуза тұқымдасына мерлуза және олардың түрлері – ақшыл хек және тынық мұхиттық хек жатады. Оларда екі арқа қанатшасы, бар, үстіңгі аузы жақтары үлкен, үздіксіз бүйір сызығы көрінеді. Иегінде мұрты жоқ. Мерлуза және хек балықтарының сапасы треска балықтарының сапасына пара-пар және дәмдірек. Ақшыл хек еті майлылығы бойынша треска балықтарынан асып түседі, ал бауыры А және D дәрумендеріне бай. Хек саудаға мұздатылған, ыстық ысталған күйде түседі. Атлантикадан ауланады.
Салмағы 1–7 кг. Оның еті ақ түсті, дәмді әрі жұмсақ, қылтанағы аз. Тоңазытылған мерлузаны қуыруға, қыздырура және бұқтыруға болады.
Тынық мұхиттық хек мұздатылған түрде сатылады, күміс хек сияқты қолданылады. Дәмі күміс хекқа қарағанда төменірек.
Достарыңызбен бөлісу: |