Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет325/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Мөңке балық (карась)тұщы суда өседі, кішігірім көлдерде, тоғандарда және басқа ағынсыз суларда тіршілік етеді. Ұсақ мөңкенің салмағы 20 грамнан 50 грамға, ал ірілері 4 килограмға дейін жетеді.

Мөңке балық өзендерде тіршілік етеді. Алтын немесе күміс түсті қабыршағы бар. Ірі балық ұзындығы 16 см-ден жоғары, майдасы – 16 см-ге дейін. Еті сәл тәттілеу. Қуырып жеуге ұсынылады.



Шармай (маринка) Орта Азняның өзендері мен көлдерінде кездесетін балық. Олар Балқаш пен Есіккөлде көп болады. Салмағы 1–2 кг еті майлы дәмді, неше түрлі аспаздық тағам әзірлеуге болады. Оны тазартқанда арқа сүйегіне жабысқан қаны мен ұрық безін және уылдырығын алып тастау керек, өйткені олар өте улы болып келеді.

Шармай дәмді және өте майлы (3–7%) етімен ерекшеленеді. Өңдеу кезінде барлық ішек-қарны: уылдырығы, қара үлдірі тазалану керек, себебі олар улы болады.



Амур – тұщы суда тіршілік етеді. Бұрын тек Амур өзені бассейнінде ғана болған еді. Қазіргі кезде Орта Азияның өзендері мен каналдарында және көлдерінде өсіріледі. Оның тұщы суда тіршілік ететін басқа балықтарға қарағанда бір ерекшелігі – балдырмен, өсімдіктермен қоректенеді де, суды өсімдік басып кетуінен сақтайды. Ол өте тез өседі, салмағы 2,5 килограмнан 32 килограмға дейін болады. Амурдың еті нығыз, түсі ақ, ал бауыры үлкен және майлы болады. Оның етінен неше түрлі тағам жасауға болады.

Кекіре балық (горчак) – тұқы тұқымдасына жататын балықтар тобы. Кәдімгі кекіренің ұзындығы 8–10 см, массасы 30–40 грамм, тікенді кекіренің ұзындығы 15–16 см, массасы 50–60 грамм болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет