Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет333/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3.9. Камбала тұқымдасы


Камбала тұқымдасына камбала мен палтустардың әр түрлері жатады. Камбала тәрізділер барлық ашық теңіздерде, кейбір түрлері өзендерде кездеседі. Камбалалардың бүйірі қысылған, жапырақ-овал пішінді болады. Көздері басының үстіңгі жағында орналасқан. Арқа және аналь қанатшалары өте ұзын. Үстіңгі беті теңіз түбінің түсімен түстес, ал астыңғысы – ашықтау түсті.



Камбала – тұрқы ұзын теңіз балығы. Ашық теңіздердің барлығында тіршілік етеді. Камбаланы сыртқы бейнесіне қарап оңай ажыратуға болады: бүйірі жабысқан, басының бір жағы қоңырқай, екінші жағы ақшыл түсті болады. Көзі басының қоңырқай жағына орналасады. Салмағы 150–400 г. Сауда орындарында көбінесе тоңазытылған Қиыр Шығыс камбаласы, Қара теңіздің ірі камбаласы және солтүстіктің палтус камбаласы түседі. Камбаланың еті ақ түсті, әрі жұмсақ және дәмді келеді. Кейбір камбаланың өзіне тән йод тәрізді дәмі мен иісі болады, терісін сыпырып тастаған соң иісі де кетеді.

Камбала еті ақ, нәзік, дәмді, майда қылтанақсыз. Құрамында фосфор, йод және басқа минералды заттар көп мөлшерде болады. Сауда орындарына мұздатылған, ысталған түрде түседі, консерві жасауда қолданылады. Тұздалған камбала сапасы төмендеу өнім, себебі жағымсыз иісі білінеді.



Палтус – теңіз түбінде тіршілік етеді, камбала тұқымдастарына жақын балықтардың бір түрі. Палтус – камбала тұқымдастары ішіндегі құнды балықтардың бірі. Бұл ірі балық (салмағы 5–10 кг артық), еті өте майлы, ақ және дәмді, кішкентай, бірақ А және D дәруменіне бай бауыры бар. Ірі ақтармаланған палтус салмағы 10 кг-нан артық.

Палтустың Атлант және Тынық мұхиттарының солтүстік теңіздерін мекендейтін қара көк қабыршақты түрлері кездеседі. Салмағы 2–5 кг (кейде 40 килограмға дейін) болады. Палтустың еті өте майлы, дәмді, сүйексіз болып келеді. Оның етін ыстап, қақтап, тұздап, қызарта қуырьш, қыздырып жеуге болады. Палтус пен ақ қанатты палтустың кәсіптік маңызы онша емес, Оның салмағы 3 килограмнан 30 килограмға дейін жетеді, кейде салмағы 200 килограмнан асатын ірілері кездеседі, еті қара палтусқа қарағанда майсыз, хош иісті, дәмді болады. Қиыр Шырыста сүйір типті палтус кездеседі. Оның орташа салмагы 1–3 кг.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет