Тюлька негізінен тұздалған күйде қолданылады. Тюлькада 13–18% май болады, тек уылдырық шашу кезінде майлылығы 4–8% дейін төмендейді.
«Атлант майшабағы» атты балықтарға Атлант және Мұзды мұхиттан ауланатын (беломор майшабағынан басқа) майшабақтар топтастырылған. Бұл майшабақтардың еті нәзік және жеткілікті мөлшерде майлы.
Атлант майшабағы басқа солтүстік майшабақтары сияқты ұзынша денелі келеді, төменгі жағы шығыңқы, іші ашық шырышты үлдірмен жабылған.
Беломор майшабағының бірнеше түрлері бар. Ерекше орынды соловец майшабағы алады, жоғары сапасымен ерекшеленеді.
Салака — май шабақтар тұқымына жататын балықтардың бірі. Оны Балтық теңізінен аулайды. Салаканы сауда орындарына мұздатып, тоңазытып, консервілеп («шпроты в масле»), ыстап және нәрлі тұздықпен жіберіледі. Мұздатып, тоңазытылран салакадан әр түрлі басытқылар, сұйық және қою тағам әзірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |