12.3.6. Анчоус тұқымдасы
Анчоус тұқымдасы балықтарының денесі ұзынша темекі тәрізіді, ауыздары үлкен.
Хамса – теңізде кездесетін ұсақ балық (анчоус деп те аталады). Оны Азов және Қара теңіздерінен аулайды. Салмағы 3 грамнан 20 грамға дейін болады. Сауда орындарына жастай тоңазытылып, тұздалған немесе нәрлі тұздыққа бапталып түседі. Хамсадан басытқы, қою және сұйық тағам әзірлейді.
Хамса (анчоус) – Азов-Қара теңіз бассейнінің балықтары. Күздік хамсада 29% май, көктем мен жазда 7% май болады. Оның кемшілігі – құйылатын өттен пайда болатын ащы дәм.
Қиыр шығыс анчоусы (жапон анчоусы) Сахалин суларынан ауланады. Құрамында 17–26% май болады. Негізінен тұздау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |