Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет331/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3.7. Нәлім тұқымдасы


Бұл тұқымдасқа нәлім, пикша, сайда, минтай, навага, вахня, путассу, сайка жатады. Нәлім тұқымдас балықтардың денесі майда қабыршақпен жабылған. Олардың ерекшелігі үш арқалық және екі аналь қанатшаларының болуы, тек нәлімде екі арқа және бір аналь қанатшалары болады. Ішкі қанатшалары көкірек қанатшаларының алдында немесе астында орналасқан. Барлық қанатшалары тікенекті емес, жұмсақ. Аузы үлкен, тістері бар, астыңғы жағында әдетте бір мұрт болады. Ішегіндегі үлдір улы, сондықтан өңдеу кезінде оны алып тастау керек.

Нәлім балықтарының еті ақ, дәмді және аз қылтанақты, бірақ арық. Бауыры майға бай. Көптеген нәлім балықтарының өзіндік иісі бар, ол бұзылудың белгісі емес.

Нәлім (треска) – Атлант мүхиты мен Тынық мухиттың солтүстік теңіздерін мекендейді. Ол өсіресе Солтүстік Атлант мұхитында көп кездеседі (әрі неше түрлі). Көп жағдайларда нәліммен бірге оған ұқсас пикшаны қосып сатады, сонымен сайда, сайка, минтай балықтарын да нәлімге жатқызады. Нәлімнің салмағы 200–300 грамнан 24 кг және одан да ірілері кездеседі. Нәлімді сауда орындарына мұздатқан, тоңазытқан, тұздалған және ысталған күйінде түсіреді. Ал оның бауырынан консерві жасайды (онда 75%-ға дейін май болады).

Нәлім ұзақ сақталып, тұрып қалса және дұрыс тұздалмаса, одан аздап теңіз суының иісі шығады. Орташа ұзындығы – 50 см, салмағы – 5 кг. Бүйірлік сызығы ашық түсті. Саудада ірісіне 1 кг-нан артық (бассыз), ал майдасына 1 кг дейін балықтар жатады.



Сайда – нәлімдер тұқымына жататын теңіз балықтарының бірі. Ол Атлант мүхитының Солтүстік бөлігін және Баренц пен Ақ теңіздерді мекендейді. Сайда – сәл күміс түсті қабыршақты, қысқа мұртты немесе мұртсыз балық; бүйірлік сызығы ақ түсті, иілмеген. Ірісі – 2 кг, майдасы – 2 кг дейін болып бағаланады. Салмағы 5–6 кг (кейде 10–12 кг жетеді). Еті сұрғылттау, нығыз, майсыз, хош иісі бар. Оны қуыру немесе майонезге қыздыру керек.

Пикша – треска мен сайдадан кішірек балық. Бүйірлік сызығының астында арқа қанатшаларына қарама-қарсы бір-бірден қара дақ бар. Пикша еті треска етіне қарағанда тәттірек және нәзіктеу.

Минтай – қиыр шығыс теңіздерінің кәсіптік балығы; орташа салмағы – шамамен 500 г. Минтай етінің дәмі треска етіне қарағанда нашарлау. Уылдырығы өте тәтті, ал майлы бауыры (50% астам май) треска бауырына қарағанда А және D дәрумендеріне бай.

Сібір навагасы – Ақ және Карск теңіздерінің кәсіптік балығы. Наваганың орташа ұзындығы – 30 см дейін, салмағы – 75-250 г. Наваганың өзіне тән дәмі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет