Қияр балықтар тұқымдасына қияр балық, мойва және ақшабақ жатады. Корюшка тұқымдастарында май қанатшасы бар, осыған орай олар албырт балықтарына жақын.
Қияр балық (корюшка) – ұзындығы 6–13 см кішкентай балық. Оның бірнеше түрлері болады. Нева, фин және беломор корюшкалары жоғары бағаланады. Сауда орындарына суытылған, мұздатылған, тұздалған, кептірілген, ысталған түрде түседі.
Мойва – Баренц теңізі мен Қиыр шығыста ауланады. Қалыпты ұзындығы – 11-18 см. Күзде азықтандырған соң майлылығы жоғарылайды. Мойва 3-топ майда балықтарға жатады. Мойва – қияр балықтар тұқымдасына жатады. Оның екі түрі болады: атлант мойвасы – оны Атлант мүхитының солтүстік бөлігінен, Баренц, Ақ және Карск теңіздерінен аулайды; Тұнық мұхит мойвасы – оны Канада, Жапон теңіздерінің жағалауынан, Охот, Беринг және Чукот теңіздерінен аулайды. Салмағы 25–30 г. Мойваны сауда орындарына кептіріліп, ыстыққа қаңтап, консервілеп, жастай тоңазытып т. б. жібереді.
Ақшабақ (снеток)– оны ТМД-да солтүстік-батыс көлдерінен, сондай-ақ Волганың жоғары жағындағы көлдерден аулайды. Еті онша майлы емес, жұмсақ. Ақшабақтарды сауда орындарына тұздап, қақтап, кейде тоңазытын жібереді. Тұздалған, қақталған ақшабақтардан қышқыл капуста қосып щи жасауға пайдаланады, ал жас ақшабақты пияз немесе картоп қосып қуырған жөн.