Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет338/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Спар тұқымдасына теңіз мөңкесі, зубан, пагрус, скап, чоп балық және т.б. жатады. Теңіз мөңкесі, зубан маңызды кәсіптік балықтарға жатады.

Теңіз мөңкесі (морские караси) – мұхит мөңкесі – тропиктік және субтропиктік аудандары суларында тіршілік етеді. Олар сыртқы бейнесі жағынан да, салмағы жағынан да бір біріне ұқсамайды. Мысалы, Африканың жағалау суларында кездесетін зубан балығы қызғылт-қызыл түсті болады да, салмағы 1 килограмнан 4 килограмға дейін; ал Кариб теңізінен ауланатын кубалық мөңке балық күміс түсті (денесінде көк дағы болады), салмағы 300 грамнан 1,5 килограмға дейін жетеді. Теңіз мөңке балықтарының барлығының еті нығыз, майы аз, дәмді келеді. Олардың денесі ұзынша немесе биік келеді, бүйірі жағынан қысылған. 10–13 тікенді және 10–15 жұмсақ сәулелері бар бір арқа қанатшасы бар. Еті нәзік, шырынды; қақталған өнімдер өндірісінде, консерві жасауда, аспаздықта, сүбе жасауда қолданылады. Теңіз мөңкесінде май мөлшері аз (0,5–2%) және ақуыз мөлшері жоғары (19–22%).

Зубан – теңіз балығы. Оны Атлант, Үнді жөне Тынық мүхиттарынан аулайды. Оның тістері ірі болады (аты содан шыққан). Зубанның құрамында 3,6% май, 18–19% ақуыз болады.

Зубанның лобаст, канарский ірі, канарский ұсақ түрлері кездеседі. Лобаст зубанның салмағы 4 кг (кейде 11 килограмға жететні болады); түсі қоңыр-қызыл, бүйіріндегі сызыгының басталған жерінде қара-қоңыр дақ болады. Ал канарлық ірі зубанның салмағы 1,7 кг, ұсағының салмағы – 400 г. Еті ақ, нәрлі әрі, одан неше түрлі кулинариялық тағам әзірлеуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет