Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет334/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

12.3.10. Ставрида тұқымдасы


Ставрида тұқымдастарының ішінде кәдімгі және онқанатты ставридалардың кәсіптік маңызы зор. Денесі бүйірлері жағынан қысылған, өте майда қабыршақпен жабылған. Бүйірінде бүйір сызығы бойымен тарақ тәрізді сүйек өскінділері орналасқан. Арқасында екі қанатша бар: біріншісі- тікенек, екіншісі – жұмсақ. Аналь қанатшасы алдында екі тікенек бар. Он қанатшалы ставридада аналь және екінші арқа қанатшаларынан кейін қосымша қанатшалар орналасқан.

Ставрида – жылы суда тіршілік ететін теңіз балығы. Ол Қара, Балтық және Жапон теңіздерін мекендейді. Бұл балықтар Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарда және оларға жақын теңіздерде ауланады. Салмағы 400 грамға дейін болады. Ставриданы сауда орындарына мұздатылған, тоңазытылған, ысталған, кейде түздап, қақталған күйінде жібереді.

Еті дәмді, сұр түсті, өзіне тән иісі мен дәмі бар, майда қылтанақтары жоқ. Ставриданы консерві өндірісінде, ыстауда, ал аспаздықта – сорпа, пісірілген, қуырылған балық тағамдарын дайындауда қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет