Капитан-балық (рыба капитан)– негізінен тропикалық жөне субтропикалық теңіздерді мекендейді. Пішіні жағынан көксерке балығына ұқсас. Денесі бүйірі жағынан аздап қабысқан: жоны қоңыр түсті, ал бауыры жағы ақшыл-қоңыр; қабығы ірі. Салмағы 10 килограмға дейін жетеді (кейде 60 кило-грамға дейін де кездеседі). Еті өте дөмді, етінен, басы мен сүйегінен қайиатқап сорпасы өте дәмді болады. Етінің құрамында 0,3–3,2% – май және шамамен 20% ақуыз болады.
Умбрина балығының иегінде қалың қысқа мұрт болады, арқасында қою түсті қиғаш сызықтар бар және іші сұр түсті болады. Етінің құрамында 0,1– 0,5% май және шамамен 19–20% ақуыз болады. Май мөлшері аз болғанымен де еті нәзік, шырынды, сәл тәтті жағымды дәмі бар.