Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Аргентина (сёребрянка тұқымдасы) – теңіз балығы. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінен ау-ланады. Қабыршағы сарғыш, ал жонындағы қабыршағы қызыл-қоңыр түсті (сондықтан оның тағы бір аты – алтын корюшка). Салмағы 500 грамм. Еті ақ, дәмді, қияр иісті болып келеді. Оны қуырып, асып және бұқтырып жеуге болады. Аргентинаны жарып тазалағанда жал сүйегіне жағалай орналасқан қара қанды қабыршықты алып тастау керек. Балықтың өзіне тән иісін кетіру үшін тазартылған балыққа лимон шырынын немесе асханалық сірке суын себеді. Құрамында 18% май, 3% ақуыз болады. Мұздатылған, тұздалған және ысталған түрде сатылады.