Байланысты: Азық түлік тауарларын тану және сараптау
Кепкен балық тауарларын буып-түю және сақтау. Суық әдіспен кептірілген балықты 50 кг-нан қаптарға, ыстық әдіспен тұздалып кептірілген балықты 16 кг-нан жәшіктерге, сонымен қатар 1 кг-нан картон қораптарға салады. Балық концентраттарын 1 кг-нан қағаз пакеттерге, ал содан кейін 12 кгнан жәшіктерге салады. Балық жонын 20 кг-нан жәшіктерге салады.
Кепкен балық тауарларын құрғақ, таза, жақсы желдетілетін қараңғы қоймаларда 8–10 С температурада 70–75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында 8–9 ай сақталады. Сублимациялық кептірілген және герметикалық ыдысқа буып-түйілген балық 25 С дейін температурада екі жылға дейін сақталады. Кептірілген балық қоғамдық тамақтану орындарында 1 айға дейін сақталу керек.