Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Г Е О Г Р А Ф И Я 
 
 
ӘОЖ 913:796.5. 
ҦЛЫТАУ ӚҢІРІ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДА ТАРИХИ  
ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ РӚЛІ 
 
Н.Н.Карменова – г.ғ.к., профессор, Н.Б.Оразалыкова – 2 курс магистранты 
 (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: Мақалада елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі туризм оның 
ішінде ірі туристік орталыққа айналу ықтималдығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары 
қазақстандық аймақтардың бірі - бай туристік әлеуетке ие Орталық Қазақстандағы Ұлытау 
ӛңірінің құнды, маңызды жәдігерлерінің басты-бастыларына тоқталып, аймақта туризмнің 
дамуына  айрықша  мән  берілуі  ел  экономикасын  кемелдендірудің  тиімді  жолы  мен 
қомақты кіріс кӛзі болатындығы айтылады.  
Түйін сӛздер: 
Туризм, тарихи ескерткіштер, күмбездер. 
Туризм  -  кейiнгi  жылдары  елiмiзде  жанданып  келе  жатқан  салалардың  бiрi. 
Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң  туризм  саласындағы  белгiлеген  барынша  маңызды 
мiндеттерiнiң  бiрi  -  Қазақстанды  Орталық  Азиялық  ӛңiрдегi  туризм  орталығына 
айналдыру.  Республикада  қазiргi  заманғы  тиiмдiлiгi  жоғары  және  бәсекеге  қабiлеттi 
туристiк  индустрия  құруға  және  экономиканың  сабақтас  секторларын  дамытуды 
қамтамасыз  етуге  мүмкiншілік  мол.  Қазақстандағы  туризм  елдің  тұтас  аудандарының 
экономикасына  белсенді  әсер  етеді.  Туризм  саласындағы  шаруашылық  жүргізуші 
субъектілердің  құрылуы  және  жұмыс  істеуі  жол  кӛлігін,  сауданы,  коммуналдық-
тұрмыстық,  мәдени,  медициналық  қызмет  кӛрсетуді  дамытумен  тығыз  байланысты. 
Қазақстандағы  туристiк  ресурстарға  —  туристiк  қызмет  кӛрсету  нысандарын  қамтитын 
табиғи-климаттық,  тарихи,  әлеуметтік  -  мәдени,  сауықтыру  нысандары,  сондай-ақ 
туристердiң  рухани  қажеттерiн  қанағаттандыра  алатын,  олардың  күш-жiгерiн  қалпына 
келтiрiп  сергiтуге  жәрдемдесетiн  ӛзге  де  нысандар  жатады.  Олар:  мәдени-танымдық, 
экологиялық,  спорттық,  әлеуметтік,  дiни,  т.б.  Еліміздегі  туристiк  нысандар  табиғи-
рекреациялық,  тарихи-археологиялық,  тәуеп  ету,  т.б.  топтарға  бӛлiнедi.  Тарихи-
археологиялық  ескерткiштердiң  туристiк-экскурсиялық  сапарлардағы  орны  ерекше. 
Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында 
маңызды орын алады. Егеменді ел болғалы археологтар 10 мыңнан асатын тарихи-мәдени 
ескерткіштер  тауып,  енді  ғылыми  тұрғыда  анықтап  жатыр.  Қола  дәуіріндегі  қоныстар 
орны,  кӛне  ӛндірістер  іздері,  тас  қоршаулар,  таңбалы  тастардағы  белгі  таңбалар, 
Алтыншоқыдағы  Ақсақ  Темір  әмірімен  тасқа  қашалып  қалдырылған  жазу,  Хан  ордасы 
орны,  Алтын  орда  әмірлері  Едіге,  Тоқтамыс  хандар  жерленген  жерлер,  Алаша,  Жошы 
хандар,  Құтылық-Темір,  Болған  ана  мазарлары,  Домбауыл  кесенесі,  Кенесары  қорғаны, 
Кейкі батыр үңгірі т.б. қазақ елінің мұншалықты бай мұралары бүкіл әлем мәдени-тарихи 
туризмін қызықтыруда. 
Республикамыздағы  тарихи-археологиялық  туристік  нысандардың  ең  кӛп 
шоғырланған  ӛлкесі  Ұлытау  ӛңірі.  Халқымыздың  тағдыры  мен  тарихында  Ұлытаудың 
алар орны ерекше. Оның әр тау-тасы, орман-суы шежіре сырға тұнып тұр. Қ.И. Сәтбаев: 
«Орыстарға  Кремль  қандай  қадірменді  болса,  меніңше  қазақ  елі  үшін  Ұлытау  да 
соншалықты қастерлі...», - деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын кесіп айтқан болатын. 
Ӛңірдің  туристік  тартымдылығының  жоғары  деңгейі  рекреация  мен  туризмді 
дамытуға  қажетті  туристік  ресурстардың  ауқымды  шоғырына  байланысты  болатындығы 
даусыз.  Ӛңірдің  қолайлы  географиялық  орны,  антропогендік  фактордың  әсері 
айтарлықтай  байқалмайтын  жақсы  күйінде  сақталған  бірегей  табиғи  әлеуеті,  осы  ӛңірде 
сан ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 117
 
қолайлы  үйлесім  тапқан.  Ӛңірдің  тарихи-мәдени  және  табиғи  туристік  ресурстарының 
бірегей үйлесімі бұл аймақта туризмнің заманауи формаларын дамытудың қолайлы негізі 
мен  алғышарттарын  қалыптастырады.  Дегенмен  бұл  ӛңір  рекреациялық  туризм 
тұрғысынан жеткілікті дәрежеде насихатталмайтындығымен ерекшеленеді. Ал бұл жағдай 
ӛз кезегінде туристік тұрғыдан қалыптасудың тек бастапқы кезеңінде ғана тұрған ӛңірдің 
туристік  индустриясын  дамыту  үрдісін  тежейтін  басты  факторлардың  бірі  болып  отыр. 
Ұлытау  ӛңірі  туризмін  дамытуға  бұрын-соңды  айрықша  мән  берілмеген,  ӛңірді 
Қазақстанның  орталық  бӛлігіндегі  ірі  туристік  орталық  ретінде  дамыту  мәселесі  де 
негізделген  ғылыми  тұрғыдан  қолға  алынған  емес.  Алайда  қазіргі  таңда  аталған  ӛңірге 
деген қызығушылық ӛсіп келеді.  
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н.Ә.Назарбаев 
«Мәдени 
мұра» 
бағдарламасына  байланысты  сӛйлеген  сӛзінде:  Ұлытау  –  ежелгі,  тарихи  астана,  қазақ 
халқының  алтын  бесігі,  -  ұлттық  символымызды  қалыптастырып,  дамытуымыз  керек  – 
деді.  Ұлытау  елді  мекенінде  бүгінгі  күні  736-дай    тарихи-мәдени  ескерткіштер  бар.  
Ауданда  шет  ел  азаматтары  да,  ӛзіміз де  тамсана  танысуға,  сүйсіне  тамашалауға  жағдай 
жасау  үшін  мәдени-тарихи  туризмді  дамытуға  арналған  «Ұлытау  қазақтың  –  ежелгі 
астанасы»  бағдарламасы  қолға  алынды.  Ал  бағдарлама  мақсаты  Ұлытаудың  ӛз  басында 
«Хан  ордасы»  мемориалдық  кешенін  салуды,  тау  беткейінде  Асанқайғы  баба  мүсінін 
орнатуды,  орталық  кӛше  бойында  «Таңбалы  тас»  саябағын  жасауды,  мейманхана  үйін 
кеңейтуді,  туристік  базаны  қалыптастыруды  кӛздейді.  Мұнымен  бірге  саяхаттық 
инфрақұрылымды  жетілдіру,  тарихи  ескерткіштерді  жӛндеу,  тұңғиық  сырларын  сан 
ғасырлар ішіне бүккен тау-тасқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру жүргізілуде. 
Ұлытау  ӛңіріндегі  құнды,  маңызды  жәдігерлердің  басты-бастыларына  тоқталып 
ӛтсек.  Ұлытау  ескерткіштерінің  ең  кӛнесі  -  Обалысай  шоқысының  оңтүстік  бӛлігінен 
табылған  тас  құралдар  б.з.д.  700  жылдық  пен  150-120  мыңжылдықтар  арасына  жатады. 
Құралдардың  ішінде  малта  тастан  жасалған  екі  жақты  шапқылар  айрықша  кӛңіл 
аудартады. 
Сарысу  ӛзенінің  орта  ағысы  тұсында,  құрғап  қалған  Талдысай  атты  бұрынғы  ӛзек 
аңғарының  бойында  Мұзбел  атты  ежелгі  адамдар  тұрағы  бар.  Ол  жерден  114  әртүрлі 
заттар  жиынтығы  табылды.  Оның  жартысына  жуығы  геометриялық  түзу  формадағы  бір 
жақты  және  екі  жақты  шапқылардан,  сыдырғыш  тәрізді  ойық  малта  тастардан, 
жұқартылған қырғыштардан және тағы басқа дӛңгелек, домалақ қару үлгілерінен тұрады. 
Ежелгі  адамдар  қоныстары  қатарына  Жаманайбат  кеніші  тӛңірегі  де  жатады.  Ол 
жерден палеолит дәуіріне сәйкес келетін жеті шапқы мен екі қырғыш табылды. Сондай-ақ 
Ұлытау-Жезқазған аймағынан неолит-энеолит кезеңдеріне жататын кӛптеген жәдігерлерді 
академик  Ә.Марғұлан,  профессор  В.Селевин  және  ӛлкетанушы  Н.Валукинскийлердің 
тапқандығы белгілі. 
Айбас дарасы ескерткіштер кешені  Едіге шыңынан солтүстік-батысқа қарай 1,0-1,5 
шақырымдай    жерде,  Айбас  ӛзені  бойында  орналасқан.  Ұлытаудағы  қола  дәуіріне 
жататын  ежелгі  ескерткіштердің  бірі.  Оны  Ә.Марғұлан  басқарған  Орталық  Қазақстан 
археологиялық  экспедициясы  1956  жылы  зерттеген.  Ескерткіштер  кешені  кейінгі  қола 
дәуіріне  жататын  тас  қоршаулар,  обалар,  ежелгі  түркілер  кезеңінің  белгілері  сақталған 
бейіттер  мен  Қазақ  хандығы  тұсындағы  қорымдардан  және  екі  жағын  қоршап  тұрған 
тастан ӛрілген қамал-бекіністен тұрады.  
Таспен  қоршалған  обаның  диаметрі  20  метр,  биіктігі  1,4  метр.  Қабір  жалпақ  тас 
плиталармен  жабылған,  қабырғаларын  тік  қойылған  тақта  тастармен  ӛрген.  Бұл  зират 
Беғазы-Дандыбай  ескерткіштеріне  ұқсас  және  кейінгі  қола  дәуіріне  жататын  осы  аттас 
мәдениеттің таралу шекарасының ең батыс нүктесі болып есептелінеді. 
Жезқазғаннан Қарағандыға қарай жүргенде сексен шақырымдай жердегі анда-санда 
ғылыми кітаптарда еске алынып, есімі аталып кеткені болмаса, түбегейлі зерттеуді күтіп 
жатқан,  тарихы  тылсымға,  таңбаға  толы  «Теректі  әулие»  гранит  қырқалар  кешенінің 
адамзат  тарихының  ашылмай  жатқан  беттерін  ақтаруға  септігі  тиюі  ықтимал. 

118  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Тӛбешіктердің  үстінде  де,  қапталдарында  да  белгілі  бір  заңдылықпен  бедерленген 
қосақталған түйеден бастап, жалаңаяқ адамның ізіне дейінгі таңбалар. Бірақ оларға қарап 
белгілі  бір  пайым,  түйін-тұжырым  жасауға  негіз  таба  алмайсың.  Теректі  әулие  -  әзірге 
тылсым сырын ішіне бүгіп жатқан әлемде теңдесі де, ұқсас сыңары да жоқ жәдігер. 
«Теректі  әулиедегі»  суреттер  (пиктограмма,  петроглифтер)  тас  бетіне  қашалып 
салынған.  Кейбір  тастардың  мұқият  ӛңделгені  соншалық,  олардың  беттері  күні  бүгінге 
дейін  айнадай  жалтырайды.  Жергілікті  халық  оны  әулиенің  сырғанағы  деп  атап  кеткен. 
Қалай болса да осыншама күрделі кешен маман ғалымдар тарапынан тиянақты зерттелуін 
күтіп  жатыр.  Тастағы  мүсіндердің  ермек  үшін  салынбағаны,  олардың  осы  ӛңірдің  құтты 
қоныс  еткен  ежелгі  адамдардың  тыныс-тіршілігі  мен  наным-танымынан  түсінік 
беретіндігі ақиқат. 
Қазақтың  қасиетті  қорық  мекені  «Таңбалы  тас»  жайлы  әңгімелердің  бір  бӛлігі 
жоңғар шапқыншылығы кезеңіне байланыстырыла баяндалады. Шындығына келсек, бұл – 
тіпті  Шыңғысхан  заманын  да,  әріден  келе  жатқан,  мәні  мен  маңызы  жағынан  Күлтегін 
ескерткіштеріне  теңеуге  тұратын  аса  құнды  жәдігер.  Сондай-ақ  «Таңбалы  тас» 
ескерткішін  зерттегендер  қатарына  белгілі  ғалымдар  Д.Телятников,  А.И.Шренк, 
Ю.А.Шмидт, Қ.Сәтбаев, А. Бекхожин т.б. жатқызуға болады.  
Қ.Сәтбаев  Жезқазған  ауданындағы  тарихи  ескерткіштер  мен  аңыз  әңгімелерді 
саралап-салмақтап  Ұлытау-Жезқазған  ӛңірінің  қазақ  этносының  тарихи  кіндігі 
болғандығын негіздеді.  
Академик  М.  Қозыбаев:  «...Ұлытауда  үш  жүз  тайпалары  ӛкілдерінің  қол  қойған 
«Таңбалы тасы» шын  мәніндегі қазақтың тұңғыш конституциясы еді»,- деп жазуында да 
осындай  қасиет  қастерге  негізделген  маңызды  мағына,  шырайлы  шындық  жатыр. 
Сондықтан  қазақтың  тұңғыш  Конституциясы  –  Ата  Заңы  Ұлытауда  жазылған  деп  ауыз 
толтырып айта аламыз. 
Басқамыр (Қиян, Хиям) қаласы сияқты тарихи деректерде аттары аталатын Орталық 
Қазақстандағы  ортағасырлық  қалалардың  барлығына  жуығы  Ұлытау-Жезқазған  ӛңірінде 
орналасқан.  Кӛне  деректерде  Қиян  (Хиам)  қаласы  оғыздардың  бас  қаласы  ретінде 
аталады.  Идриси  картасында  ол  Сарысуға  құятын  Кеңгір  ӛзенінің  бас  жағында,  Ертағы 
(Ұлытау) тауының шығыс бетінде тұр. Оның орналасқан жері біз Басқамыр атап  жүрген 
ежелгі қаланың жұртына дәл келеді. 
Ол,  Жезді кентінен 25 км теріскейде, Жезді ӛзені Талдысай ӛзенімен тұста, Есқұла 
шоқыларының  қойнауында  орналасқан.  Басқамыр  ескерткішінің  құрамына  қала 
жұртының үйінділерінен басқа екі мазар, қорым, 1,3 км жердегі тереңдігі 20 м шахта, 2 км 
жердегі Есқұла тауының биік тӛбесіндегі тас мұнары (биіктігі 3,5м), қабырғасы кірпіштен 
қаланған,  еденіне  тас  тӛселген  қала  маңындағы  жеке  құрылыс  кіреді.  Қамал-қаланың 
жалпы  ауданы  90м  х  90м.  Кіретін  бас  қақпасы  Ұлытауға  баратын  ескі  керуен  жолына 
қарай бағытталып, сырты айнала қоршалған. Қоршаудың астындағы іргесі жалпақ гранит 
тастардан,  үстіңгі  жағы  таспен  күйдірілген  кірпіштен  аралас  ӛрілген.  Қорғанның  қақ 
ортасында орналасқан сарайдың (цитадельдің) ауданы 26м х 3м.  
Басқамыр-орта  ғасырларда  Орталық  Қазақстанда  болған  қалалар  ішіндегі  сәулет 
ӛнерінің ең күрделілерінің бірі. Оны алғаш Ә.Марғұлан зерттеген, одан кейін бұл қалаға 
археологтар С.Жолдасбаев, Ж.Смайыловтар кең кӛлемде жан-жақты зерттеу жұмыстарын 
жүргізеді. Басқарымдағы сарайдың ішінен қыш ыдыстардың сынықтары, тастан, ағаштан 
және  металдан  (мыс,  қола,  темір)  жасалған  бұйымдар  кӛп  табылады.  Олардан 
ортағасырлардағы оғыз тайпалары мәдениетінің озық үлгілерін анық аңғаруға болады. 
Аяққамыр  (Сарайлы,  Тұрайлы),  оғыз  дәуірінде  салынған  кӛне  қала  және  осы  қала 
аттас  кесене.  Оны  бірінші  рет  ХІХ  ғасырдың  орта  кезінде  академик  А.И.Шренк  арнайы 
іздеп  барып  суреттеп  жазған.  Қаланың  ауданы  60м  х  60м.  Үш  жағынан  ормен,  тӛртінші 
жағының  топырақ  жол,  тас  қабырғамен  қоршалып,  бұрыштарында  мұнаралар  болған. 
Қазба жұмыстары нәтижесінде қаланың оңтүстік жақ бетінен бір-бірімен қабырғалас сегіз 
бӛлменің  орны  табылған.  Сүйек,  ағаш,  тас  және  металдан  жасалған  кӛптеген  бұйымдар 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 119
 
табылған.  А.И.Шренк  пен  Ш.Уәлихановтардың  жазбаларында  бұл  ескерткішті  бұрын  ел 
Қамыр  ханның  күмбезі  деп  атаған.  Алайда  ондай  кісінің  аты  әзірге  тарихтан  кездескен 
жоқ.  
Қаратал  ӛзенінің  сол  жағалауынан  1  шақырымдай  жерде  орналасқан  Хан  ордасы 
Ұлытау елді мекенінен солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде теп-тегіс жазық далада үйінді 
сақталған  аса  маңызды  тарихи  ескерткіш.  Тӛрт  бұрышты  етіп  салынған  құрылыстың 
ұзындығы  150  м,  ені  90  м.  Бір-бірімен  жапсарластыра  салынған  арасынан  су  ағатын  ор 
ӛтетін  екі  бӛліктен  тұрады.  Үйінді  бұрыштарының  барлығы  биік,  әрі  енділеу.  Олардың 
сақшы-қарауылшыларға  арналған  мұнара  екендігін  байқауға  болады.  Қамалдың  оңтүстік 
қапталының  орта  тұсында  үйінді  аласалау  әрі  енсіздеу.  Соған  қарап,  бұл  жерде  ішке 
кіретін 
қақпа 
болғандығын 
кӛреміз. 
Сондай-ақ 
құрылыстарды 
бір-бірімен 
байланыстыратын есіктер, шығыс бағыттағы қабырғалар да болған. Қамал қабырғасының 
қалыңдығы  3,5м,  биіктігі  4  м  болған  деп  жорамалдауға  болады.  Қоршау  ішіне  басқа 
құрылыстар салынбаған. Хан ордасының оңтүстік-шығысқа қарай 1,5-2,0 км жерде осыған 
ұқсас,  тек  аумағы  жағынан  анағұрлым  кіші  тағы  бір  ежелгі  ескеткіштер  бар.  Академик 
Ә.Х.Марғұлан  Хан  ордасын  ІХ-ХІІІ  ғасырларда  қорғаныс  үшін  тұрғызылған  қамал-
бекіністер тобына жатқызады. 
Алаша  хан  мазары  Қаракеңгір  ӛзенінің  оң  жағасында  ХІІІ-ХІV  ғасырлардағы 
сахаралық сәулет ӛнерінің үлгісінде салынған. Халық аңызына қарағанда, Алаша ханның 
атына лайықты, оның күмбезін алаша кілемнің түрімен нақыштап шығарған. 
Ел  аузындағы  аңызда  Алаша  хан  ордасы  Ұлытау  тӛңірегінде  болған.  Ұлытаудан 
ағатын Жаңғабыл ӛзенінің бойында үлкен сарайдың орны әлі бар. Жергілікті халық  оны 
Алаша  хан  ордасы  деп  атайды.  Алаша  ханның  енді  бір  сарайы  сол  маңдағы  Қаракеңгір 
ӛзенінің  бойында.  Шежіре  деректерінде  Алаша  хан  әңгімесі  моңғол  дәуірінен  бұрын 
шыққанын кӛрсетеді. 
Мазарға  алғаш  рет  зерттеу  жұмыстарын  жүргізген  Ш.Уәлиханов.  Сондай-ақ 
Алашахан  мазарын  1868  жылы  кӛзімен  кӛрген  подполковник  Н.И.Красовский  мазардың 
әлі де берік, бүтін қалыпта тұрғанын, тек күмбезінің кӛк бояу жалатқан сылағы ғана аздап 
қабыршықтанып түсе бастағанын атап ӛткен. 
  Республикалық дәрежедегі маңызы зор архитектуралық ескерткіш ретінде мемлекет 
қорғауына  алынған  мазарға  соңғы  жылдары  сапалы  қалпына  келтіру  жұмыстары 
жүргізілді. 
  Жошы  хан  мазары  Жезқазған  қаласының  солтүстік-шығысқа  қарай  50  км  жерде, 
Кеңгір ӛзенінің сол жағалауына, Орда-Базар қаласының іргесіне орналасқан ортағасырлық 
археологиялық  ескерткіш.  Күмбезде  сақталған  таңбаларға  қарағанда,  оны  салуға  Жошы 
ұлысына  қараған  барлық  тайпалар  (найман,  қыпшақ,  қаңлы,  арғын,  керей  және  т.б.) 
қатысқан.  Тарихи  дәстүр  бойынша  күмбез  қайтыс  болған  кісінің  жылын  (асын)  беруден 
бұрын  салынатынын  ескерсек,  онда  Жошы  хан  мазары  1228  жылдың  ақпан-наурызына 
дейін тұрғызылған болу керек. 
  Жошы хан мазары порталды-күмбезді күрделі құрылыстар қатарына кіреді. Кескіні 
тік  бұрышты,  күйдірілген  қызыл  кірпіш,  ғаныш,  әк  сияқты  материалдар  пайдаланылған. 
Аумағы  9,55м  х  7,25м.  Мазардың  басты  ерекшелігі  –  еңселі,  салтанатты  порталында. 
Оның маңдай алдын сүйір  арка түрінде шығарып,  қос босағасын түсетін салмақты еркін 
кӛтеріп тұратындай етіп күшейткен. Портал жақтаулары ӛрнекті кірпішпен безендірілген, 
киіз  үйдің  басқұрына  ұқсайды.  Әшекейлі  кірпіштердің  ауданы  45cм  х  45см.  Бұл 
кірпіштерде  ӛрнек,  ою  да,  жазуда  болған.  1911жылы  Атбасар  оязын  басқарған  бір  ұлық 
ӛрнекті  кірпіштерді  сыпырып  алып,  мұражайға  жіберген  кӛрінеді.  Қазір  мұндай 
кірпіштердің кейбір сынықтары ғана қалған. 
  Жошыхан  күмбезі  архитектуралық  әсем  үлгілі  құрылыс  ретінде  аса  маңызды 
тарихи  ескерткіштердің  тізіміне  енгізілген.  Соңғы  жылдары  республикалық  бюджеттен 
қаражат бӛлініп, ескеркішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 

120  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
  Жезқазған  қаласынан  54  шақырымдай  жерде,  Орда-Базар  қаласы  жұртынан 
(Жошыхан мазарынан) дауыс жетер жердегі қыр үстіне оғыз-қыпшақ заманында салынған 
айрықша  ескерткіш  Домбауыл  кесенесі  (дыңы)  ортағасырлық  сәулет  ӛнері 
ескерткіштерінің  Орталық  Қазақстанда  кӛп  тараған  бір  түріне  жатады.  Конус  пішіндес 
күмбезді  түріне  жатады.  Астыңғы  табан  бӛлігінің  аумағы  8,9м  х  7,9м,  қабырғасының 
қалыңдығы 2 м-ге жуық, ішінің аумағы 4м х 4м. 
  Кесененің сыртқы пішіні киіз үйге ӛте ұқсас. Асты тӛрт бұрышты болғанмен үстін 
дӛңгелетіп  күмбезге  айналдырған.  Есігі  оңтүстік-шығыс  жақтан  шығарылған,  бұған 
жалпы  биіктігі  1,2м  болатын  тӛрт  басқышты  баспалдақ  арқылы  кіреді.  Кесене  еденіне 
топырақ жайылып, оның үстіне жалпақ тастар тӛселінген. Қабырғалары 3 м-дей кӛтеріліп 
барып,  кӛлденең  бӛренелермен  жабылған.  Бұлардың  барлығы  –  тас  қалаудың  қола 
дәуірінде қалыптасқан ежелгі дәстүрінің белгілері. 
Домбауыл  есімі  тарихи  жазбаларда  да,  аңыз  әңгімелерде  де  кездеседі.  Ол  қазақ 
шежіресінде,  жыр-толғауларында  жиі  айтылады.  Бұл  ескерткіш  жайлы  ең  алғаш  зерттеу 
еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов. Соңғы жылдары Домбауыл шыңына да қалпына келтіру 
жұмыстары жүргізілді. 
  Ұлытау  ӛңіріндегі  тарихи,  мәдени  және  археологиялық  ескерткіштер  жайлы  бір 
мақала  кӛлемінде  шығару  мүмкін  емес.  Ұлытау  ӛңіріндегі  жоғарыда  айтылғандардан 
басқа Сырлытам, Дүзен (Жүзен), Ерден батыр, Жансейіт, Киікбай, Шегір, Алтыбай, Бұзау 
сияқты  сыр  мен  сымбатқа  бай  жәдігерлерді  қалай  сипаттасақ  та  артық  емес,  олардың 
әрқайсысы арнайы зерттеуге тұрарлық кесек туындылар...  
Ұлытау ӛңіріндегі тарихи және мәдени мұралар тамыры сонау осы ӛлкеге адам аяғы 
тиген кезеңнен күні бүгінге дейін жалғасын тауып жатқан халықтық материалдық туынды 
ретінде  танылады.  Біле  білсек,  олар  –  рухани  сабақтастықтың  да  жанды  кӛрінісі.  Осы 
уақытқа дейін зерттелген ескерткіштерден біз  білмейтін ескерткіштер кӛбірек. Мысалы, 
1862  жылы  Ұлытау  ӛңірінде  әскери-техникалық  зерттеулер  жүргізген  бас  штаб  офицері 
Н.Красовский  тек  қана  Қаракеңгір  ӛзені  алқабында  100-ден  артық  қызыл  кірпішпен 
табиғи  тастан  салынған  сәнді  үйлер  бар  деп  жазады.  Бүгінгі  ұрпақ  үшін  солардың  бәрі 
ескерткіш. Біз болсақ, олардың бес-алтауын ғана білеміз. Қалғанының жұрты да белгісіз. 
  Сондай-ақ қазан тӛңкерісіне дейін бүгінгі Ұлытау ауданы орналасқан аймақта 40-50 
мешіт-медресе болған екен. 
  Ескерткіштер  –  ел  тарихы,  халық  мұрасы.  Олар  келер  ұрпақтарды  ӛткен 
тарихымызды  қастерлеуге,  елдің  ынтымағы  мен  бірлігін  арттыруға  қызмет  қылады. 
Сондықтан  олар  ӛздерін  онан  әрі  зерттеу,  қорғау,  сақтау  және  жӛндеуден  ӛткізу  үшін 
қоғамдық  және  мемлекеттік  ұйымдар  тарапынан  барынша  мұқият  назар  аударуды  қажет 
етеді. 
Ұлытау  ӛңірінің  табиғи  туристік-рекреациялық  ресурстары  мен  тарихи  туристік 
ресурстары  туризмнің  аймақтық  ұйымдастырылуына,  туристік  орталықтар  мен 
аудандардың  қалыптасуына  және  де  олардың  экономикалық  тиімділігіне  қол  жеткізуге 
қомақты  ықпалын  тигізеді.  Себебі  ӛңірдің  туристік  ресурстарының  бай  әлеуеті  мен 
бірегей  шоғыры  осы  аймақта  туризмді  дамытудың  маңызды  алғышарттарын 
қалыптастырады. Сондықтан да ұлан-ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айналған ұлы даланың 
ұлылығын ұғынып, барымызды базарлап, байлығымызды бағалап ӛзімізде барды ӛзгеден 
іздемей  аймақтық  туризмді  айрықша  назарға  алған  абзал.  Еліміздің  ӛзге  аймақтарын 
қоспағандағы бір Ұлытаудың ӛзі - бағалай білсек, қыруар табыс кӛзі. 
Қазіргі  таңда  қазақстандық  туристік  индустрия  әлемдік  нарыққа  белсенді  түрде 
енудің бастапқы қадамдарын жасауда. Туризмнің дамуы жұмыс орындарын қалыптастыру 
мен  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  ісін  жандандырып,  кӛлік,  байланыс,  қызмет  саласы, 
сауда-саттық,  құрылыс,  халықтық  тұтыну  тауарларының  ӛндірісі  сынды  салалардың 
қызметіне  оң  әсер  етіп,  туристік  индустриямен  ұштаса  дамуына  септігін  тигізеді  және 
Қазақстан  Республикасы  экономикасының  тиімділігін  арттырудың  басым  бағыттарының 
бірін құрайды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 121
 
Дүниежүзілік  тәжірибеге  кӛз  жүгіртсек,  әлемнің  кӛптеген  алдыңғы  қатарлы 
елдерінің  экономикасына  нұқсан  келтіріп,  жылдар  бойы  жетілген  қарқынды  даму 
тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік инфрақұрылымы 
ежелден  қалыптасқан  әлем  елдері  экономиканы  тұрақтандырудың,  әрі  оның  дамуын 
бірқалыпты  ӛрістетудің  бір  жолы  ретінде  туризмге  арқа  сүйеген  болатын.  Туризм  -  ел 
экономикасын  кемелдендірудің  тиімді  жолы  мен  қомақты  кіріс  кӛзі.  Мемлекетіміздегі 
туризмнің  дамуына  айрықша  мән  беріліп  отырғандығының  бір  себебі  де  осыған 
байланысты болатындығы сондықтан. 
Осыған  орай,  Қазақ  елі  ӛзінің  табиғи,  тарихи,  мәдени  құндылықтарын  әлемге 
әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен қызықтыра алатын туризм тұрғысынан 
тартымды  имиджін  қалыптастырудың  қарышты  қадамдарын  жасап  келеді.  Азияның 
айбарлы арландарына  Томирис ұрпағының тарландары мекен етіп отырған ұлы даланың 
текті де тегеурінді қуаты мен қайталанбас дара болмысын, тамырын тереңге жайған 3000 
жылдық  тарихы  бар  кӛшпенділер  ӛркениетінің  ӛрнектерін  келісті  де  абыройлы  түрде 
айғақтай  білген  7-қысқы  Азия  ойындарының  еңселі  еліміздің  туристік  тартымдылығына 
айрықша  рең  бітіріп,  шет  ел  азаматтарының  қызығушылығын  оятқандығы  хақ.  Сән-
салтанатымен,  қонақжай  салтымен,  бейбіт  те  берекелі  қалпымен  әлем  назарына  іліккен 
Азия ойындары бүгінгі күні ел беделін биіктетіп, мәртебесін марқайтып жатса, болашақта 
тылсымы зерттелмеген, сыры ашылмаған теңіз түбіндегі маржандай жарқ еткен жазиралы 
даламызға,  жайдары  елімізге  туристер  легінің  кӛптеп  тартылуына  септігін  тигізіп, 
келешек кӛктемінің жаршысындай үкілі үмітті жандандыра түседі. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Қазақ  мемлекеті  мен  ұлт  тұтастығының  қалыптасуындағы  Ұлытаудың  тарихи 
орны. Республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция жинағы. – Астана, 2006.  
2. Ж.Ибаділдин Жер кіндігі Жезқазған. – Астана, 2004. 
3. С.Р.Ердавлетов География туризма. Алматы , 2000. 
4. Д.С. Носов. «Жемчужины Казахстана». Алма-Ата. Кайнар 1983. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются роль  исторических памятников в  развитии туризма  
Улытауского региона  
SUMMARY 
The  article  deals  the  role  of  historical  monuments  in  tourism  development 
in Ulytau region. 
 
 
 
ӘОЖ 373.167.1 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет