Ф-об-001/033 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі351 Kb.
#139793
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дип.-З.-Ахметовтің-«Абайтану»-ғылымы-саласындағы-еңбектері

Қайғы шығып иыққа,
Қамалтпасын тұйыққа
Сергі, көңілім, сергі енді,
дегенді қоса айтады.
Абай шығармалары әр түрлі қолжазбалар негізінде, кейде ауызша да таралып, түгел сақталмағандықтан ақынның әдеби мұрасы көлемі жағынан салмақты ма, аз ба, көп пе деген сауал да қойылмай жүргсн жоқ. «Абайдың көп өлеңдері ұшты-күйді жоғалып кеткен» дегендей сөздер 1914 жылы жарияланған Нұқ Рамазанов мақаласында айтылған, онан кейін де айтылып келеді.
Бұл ауызша таралып жүрген өлең ел жадында сақталмайды, жоғалып кетеді деген ұғым бойынша айтылған пікір болса керек. Абай өлеңдері өзінің көзі тірісінде-ақ қолжазба түрінде таралғандығын, ал алғашқы жинағы кешеуілдеп болса да, 1909 жылы басылып, кейін бірнеше рет толықтырылғанын ескерсек, мүлде жоғалып, бізге келіп жетпегені тым көп бола қоймас деуге де негіз жоқ емес. Сөз қадірін білетін, өлең-жырды бір-екі естігенде-ақ қағып алып, жадында сақтай алатын адамдар көп ортада шынайы асыл өлеңдер он жыл, жиырма жыл ішінде мүлде жоғалып, жоқ болып кетеді деу қиын. Абай өлеңдерін жиыстыру, қолжазбаларды реттеу, баспаға дайындау ісі ақын кайтыс болғаннан соң көп ұзамай қолға алынғаны белгілі[14].
Бірақ Абайдың өз қаламының бедері түскен қолжазбалар бізге жетпегені, әрине, өкінішті.
Жоғалған порселер туралы сөз болғанда нақтылы мысал ретінде кейбір көлемді шығарманың (мысалы, «Озім», «Вадим») басы бар да, жалғасы жоқ екені айтылып жүр. Ал «Бородипо» өлеңін алсақ, оның бас жағы сақталған да, онан кейін үзік-үзік болып келетін бірнеше тармақтаи тұратын тағы үш бөлегі сақталған.
Қазіргі кезде Абай жинағында басылып жүрген шығармалар қандай классик ақынға болса да аздық етпейді. Абайдың ғана аузымен айтылуға лайық, оның өзіндік көркемдік шеберлігі, басқаға ұқсамайтын қолтаңбасы, ойлау, сөйлеу өзгешелігі, стилі анық көрінетін өлеңдер-ұлы ойшыл-суреткер ақынның алып тұлғасын айқын танытатын, міне, алдымен осылар десек керек.
Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым- қатынастарды терең түсініп білу үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» дәуірнамасының баға жетпес танымдық мәні бар. Бұл туралы қанша айтсақ артық емес. Роман-эпопеядағы үлкен тарихи шындық Абай заманының, сол дәуірдегі қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнін, халық тағдырын терең түсінуге тірек, негіз боларлық, шығармада тұтасып барып, бір арнаға келіп, тоғысатын көркемдік шешімдерден туындайды.
Абай заманы, ол ақындық өнерге, ағартушылық жолындағы күреске барын салып кіріскен кез- қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшылығы мол дәуір болатын.
Абай жас шағында Семей қаласындағы медреседе оқиғаны мәлім. Бұл жылдары ол араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс классиктері Фирдоуси, Саадидің, Науаидің, Низамидің, Фзулидін, Дәмидің, Сайхалидің т.б. шығармаларымен танысты. Сонымен қатар ол орыс мектебіне- «приходская школаға» да барып жүреді. Өзінің ерекше қабілеттілігі және зейін қойып, зор ықыласпен үйренуі арқасында Абай орыс тілін де игеріп алады[15].
Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім-ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат етіп қоймақ болған Абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал- өлең сөз, ақындық өнер деп санайды.
Бірақ өнімді еңбек етіп, көп оқып, талмай ізденіп, өзі де өлең жазып, айналасына өнеге етіп білім таратып, өнер шашып жүрген жылдарында да ел ішіндегі талас-тартысқа араласуға мәжбүр болады, ел тыныштығын сақтау үшін уақытын, күш-қайратын аямайды. Мүны ұлғайған кездегі жазған өлеңіндегі:
Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя
Дауың мен шарыңды,
деген секілді сөздерінен аңдай аламыз.
Абайдың білімін тереңдетіп, ғылымды игеруге, орыс классиктерінің шығармаларын жүйелі түрде оқып, тереңірек білуге кіріскен уақыты- жасы 30-дан асқан кезі. Осы кезде ол Семейге жер аударылып келген Е.П.Михаэлиспен танысады.
Михаэлис Петербургте 60-жылдары студенттердің қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болғаны үшін біраз жылдар айдауда Сібірде жүріп, кейінірек 1869 жылы Семейге келіп орналасқан. Абай 1870-жылы Семей кітапханасында Лев Толстойдың «Русский Вестник» журналында басылған романын сұрап тұрғанда Михаэлис онымен сөйлесіп, екеуі сол жерде танысқан деген дерек бар. Ал ондай кітапты оқу үшін орыстың әдеби тілін жақсы меңгерген адам болу керек екені анық[16].
Тұтастай алып қарағанда Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық.
Әрине, шығыс халықтарының әдеби нұсқаларына құштарлық, ынта-ықылас та көбеймесе азайған жоқ. Үнді елінің ежелден белгілі «Панча-тантра» («Бес кітап»), арабтың «Қалила мен Димна» секілді кітаптарынан бастап, «Мың бір түн», «Тоты-нама» әңгімелер жинағы, «Шаһнама», «Сейфүл- Мәлік», «Таһир -Зухра», «Ләйлә- Мәжнүн» сияқты дастандар, Ескендір, Лұхман Хаким, Абу-али-Сино туралы аңыз-әңгімелер ауызша да баяндалып, өлең-жыр түрінде де насихатталып жатты. Алайда шығыстан келген сюжеттер көптен таныс, үйреншікті дүние секілді болса, орыс әдебиетінің шығармалары мүлде жаңа кұбылыс еді. Қазақ елі мен көршілес орыс халқының арасында мәдени ауыс-түйіс бұрыннан орын алған еді десек те, орыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне үлкен жаңа арна болып қосылуы осы кезде басталды. Орыс әдебиетін білуге, оны еркін игеруге ұмтылған Абай орыс ақын-жазушыларының шығармаларын тек қана өнерпаздықтың, көркемдік шеберліктің үлгісі деп қараған жоқ, айналадағы қоғамдық өмірді терең танып-түсінудің таптырмас құралы деп санады. Орыс жазушыларының шығармалары Ресейдің тарихынан, орыс халқының өмірінен хабардар болу үшін ғана емес, қазақ даласында әкімшілік жүргізіп отырған патша үкіметінің саясатын, ол саясатты жүзеге асырып отырған ұлық-чиновниктердің озбырлық іс-әрекеттерін білу үшін де қажет еді.
Абай ақын, ойшыл, композитор болып елге таныла бастаған кезде оның сөзіне, өнеріне құмартып алыс жерлерден келіп кездескен ақын, әнші, жыршылар аз болмаған. Олар Абайдың өлеңдерін, әндерін қазақ даласына бұрынғыдан да мол таратуға күш салған.
Абай әдебиетке мүлде жаңа міндет жүктеді. Ол өз поэзиясының түлегенін («сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел») деп айта отырып, тыңдаушы (оқырман) қауымының да көркемдік, идеялық, эстетикалық түсінігі, талғамы, мәдениеті өсуін талап етті, мұны өмірдің де, өнердің де қажеттілігі деп санады.
Абай шын мәніндегі халық ақыны, ұлттық ақын болды. Өйткені, В.Г.Белинский атап көрсеткендей, «ақын неғұрлым зор болған сайын, ол солғұрлым ұлттық ақын болып табылады, өйткені ұлттық қасиеттер оған неғұрлым жақын». Абай қандай нәрсе туралы айтса да, адамдарды пайдалы еңбекпен шұғылдануға, білім алуға шақырса да, өнерге шын пейілмен қарауды жақтаса да, бүтіндей бір әлеуметтік топтың немесе жеке адамның кемшіліктерін сынаса да, табиғат көріністерін суреттесе де, осының бәрінен оның халық рухын, халық бұқарасының талап-тілегін, мұқтажы мен мүддесін жақсы түсінетіндігі айқын көрінеді[17].
Ұлы ақынды заман туғызады дейміз. Бұл ап-айқын, үйреншікті қағида көрінгенімен, зер салып қарастыруды қажет ететін өте күрделі мәселе. Бір дәуірде, тіпті бір ортада өмір сүрген ақындардың да суреткерлік деңгейі, ақыл парасатының көтерілген биігі әркелкі болатынын дәлелдеп жату артық. Заман, қоғамдық жағдай- ақын, жазушы творчествосының өмірлік тірегі, негізі, түп тамыры. Ал ақынның өз заманымен, қоғам өмірімен қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыстан алатын әсерлері сан алуан, оны бірнеше нақтылы жай-жағдайлармен шектеуге, бір жақты, тар көлемде түсінуге болмайды. Басты мәселе Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік қуаттылықпен айтып жеткізе алғандығында. Ақын үлкен творчестволық тұлға болып қалыптасып, жетіліп кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналык, үздіксіз еңбек, ізденіс-міне осылардың түйісіп келуі шарт. Ақынның өнерпаздық жолын, шығармаларын сөз қылғанда алдымен осы аталған жайларға көбірек мән беріп, толық, айқын ашып көрсету қажет.
Абай сөзін тексерушілер, сынаушылар ол ғұмыр кешкен дәуірдегі қоғамдық өмірге, халық тағдырына өз көзқарасын, өз білген-түйгенін таразының бір жағына салып, ақынның шығармаларындағы тарихи шындық мынадай деп, оны таразының екінші басына салғандай болса, өз білгені салмақтырақ, яғни, дәлірек көрінуі қиын емес. Кейбір бұрынғы еңбектерде осындай, не осыған ұқсас тәсіл қолданылғанын жасырмақ та болар. Абайдың дүниетанымын, ой-пікірлерін өзге ой-пікірлермен салыстыру дегенге оралсақ, ақын өзінін алдындағы, өзімен қатарлае әдебиет қайраткерлерінен қоғамдық өмір құбылыстарын, маңызды әлеуметтік мәселелерді қаншалық терең, толығырақ түсінгенін ойластыру, сөзсіз қажет. Қоғам өміріндегі түйінді, көкейкесті мәселелерді терең толғаған, шебер бейнелеген Абайдан басқа да қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан. Сонымен бірге Абайдың өмір құбылыстарын түсінуі, бағалауы, бейнелеп суреттеуі де өзгеше, ой-пікірлері, мақсат-нысанасы әлдеқайда озық. Бұдан Абай шығармашылығының осы жақтарын ақын шығармаларын талдағанда неғұрлым толық, нақтылы түрде ашып көрсету қажеттігі келіп туады. Әдеби шығарманы тек онда айтылған ой-пікірлер тұрғысынан қарап бағалаудың тағы бір осал жағы- көркем шығармадан бөліп алып, ондағы ой мен сезім-әсер жалғастығын еске алмаған соң, олардың өзі жай, жалпылама, жадағай пікірлер болады да шығады. Ақынның өмір құбылысына қатысы, тебіренісі, сезімінің қуаттылығы арқылы айтқан ой-пікірінің де нәрленіп, өзгеше сипат алып шығатыны ескерілмей қалады[16,142].
Абайды ойшыл, қайраткер ретінде қалайда қатып қалған қағидалардың шеңберіне сиғызуға тырысқандық кейін де кездесіп жүр. Мысалы, Абай -ағартушы-реалист, немесе, ағартушы-ойшыл деп, және осыны ол тек білім-ғылымды ғана қоғамдық өмірдің тірегі, өмірді өзгертетін күш сол ғана деп санаған дегендей түсінік те жоқ емес. Абайды ағартушы дегенде орыс қоғамында, немесе Еуропа елдерінде бір-екі ғасыр бұрын болған ағартушылық ағымға, қоғамдық ой-пікірлерге байланысты қарастыру ешбІр қисынға келмейді.
Абай шығармаларында көркемдік шарттылық та, көркемдік қиял да шыншылдықпен жанасымды келеді. Еш жасандылығы жоқ, жарасымын толық тапқан. Осыны айта отырып, оның шығармаларының әрқайсында өмір шындығы әр қырынан көрінетінін, алынған тақырып, айтылған ой, ақынның көңіл-күйі, жан сезімі әр түрлі нақтылы көркемдік шешімін табатынын ескеру қажет. Ақын бүкіл дәуірдің болмысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Абайдың барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескін-бейнесін айқын көре аламыз.
Абай поэзиясы ақын өз өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді дейміз. Бірақ ақын творчествосы жарты ғасырды қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, ұғым-түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп тамыры әріде жатқанын ескерсек, Абай поэзиясы қоғам көшіндегі бір елеулі кезеңді бенелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолында танытарлықтай етіп, көрсете білді деген жөн.
Абай — қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абай реализмі дегенде, шыншылдықты көркемдік принцип етіп қолдануды айтамыз. Абай реализмінің көркемдік әдіс ретіндегі ең басты өзгешеліктері алдымен айналадағы өмір, болмысты, қоғамдық құбылыстарды мейлінше кең қамтып, нақтылы бейнелеу, ел тағдырына, өміріне қатысты ең маңызды әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде, озат арман-мақсаттар тұрғысынан толғай білу дейміз. Яғни, көркемдік шыншылдық, шынайылық әдебиеттегі халықтық принциппен, озат идеялылықпен ұштасып келетінін атап айтамыз. Абай творчествосын өз дәуірінің шеңберінде ғана қаралатын, осы маңызда біз үшін тек тарихи маңызы бар өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол- заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра.
Абай творчествосын түгелдей алып талқылағанда, жеке шығармаларын талқылағанда да екі түрлі талдау принципін дұрыс ұшырату шарт. Оның бірі- тарихи принцип, яғни, ақын шығармаларын туғызған заман, қоғамдық орта, әлеуметтік жағдаймен байланыстыра қарау болып, екінші- бүгінгі заман тұрғысынан қарап, қазіргі моральдық ұғым-түсінік, идеалдарға үйлестіре қарап бағалау. Абай творчествосы өз заманының түпкі, түбегейлі қоғамдық мүдделерін, арман-мұраттарын бейнелейді. Абай творчествосының өз заманымен, сол кездегі қоғамдық өмірмен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет атқарғанын, сөз өнеріне не жаңалық әкелгенін толық тусінсек, сонда ғана біз оның кейінгі кезеңдерде, қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың, әдебиеттің өркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқанын толық аңғара аламыз. Сондай-ақ, ақын мұрасының өміршеңдігін, заман озған сайын маңызы, әсері қаншалықты кушейе түскенін зер салып байыптасак, оның өз заманының озық тілек-мақсаттарына сәйкес тарихи өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат-қасиеттерін айқынырақ тани аламыз[10,52].
Абайдың өлеңдері туралы айтқанда, лирикалық поэзияның өзгешелігін естен шығармауымыз керек. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын- алғыр оймен суарылған жалынды сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік поэзияны жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін- көркемдік ойдын қуаттылығы, сезімнің оттылығы, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармадан айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне, осында.
Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. Үйткені ақын өленінде үнемі басынан кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады.
Абай шығармаларында алдымен мейлінше мол, әр қырынан көрінетін, әрине, ақынның өз бейнесі, өз тұлғасы. Лирик-ақын қоғам өмірінің шындығын өз көніл-күйін білдіру арқылы, өз сезім толқыныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесі оны тебіренткен ой-сезімдерден, айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайларға, коғамдық мәселелерге, әр түрлі адамдардың іс-әрекеттеріне оның қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрінісін табады. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе, ал кейде ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақтан айтқанымен өмірге жинақталып жасалған лирикалық тұлғаның көзімен қарайтыны байқалады[16,194].
Әрине, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», немесе «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» дегендей тікелей өзі туралы айтатын кезі де аз емес.
Халықтың ой-санасында ертеден қалыптасқан кісіні адамгершілік тұрғысынан бағалап, даралайтып жақсы мен жаман деген секілді үғымдарды да Абай жаңаша мағына беріп, орынды пайдаланады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет