Ф-об-001/033 Қазақстан Республикасының Білімі және ғылым министрлігі


Балуанның дене сапаларын тәрбиелеу құралдары



бет4/18
Дата25.04.2023
өлшемі298,5 Kb.
#86735
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дене мадени аркылы болашак мамандтарбиелеу

1.2 Балуанның дене сапаларын тәрбиелеу құралдары

Балуанның дене сапалары дегеніміз қозғалыс мүмкіндігін анықтайтын олардың ағзасының қызмет ету жүйесі болып саналады. Дене сапаларын негізгі бес салаларға айырмалаймыз: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, әбжілдік.


Адамның күшін оның сырткы қарсылық күшті жеңетін қабілеті немесе оған бұлшық ет күшімен карсы тұру мүмкіндігімен анықтайды. Күшті тәрбиелеу бұлшық еттің физиологиялық өзгерісімен, яғни бұлшық ет талшықтарының өсу және жуандауының байқалуымен қатар жүреді.
Күшті дамыту жаттығуларымен'шүғылдану нәтижесінде адамның дене құрылысын едәуір өзгертуге болады. Күш қатынастың және абсолюттік болып бөлінеді. Абсолюттік күш - нақтылы қимыл-қозғалысқа қатысатын барлық бұлшық ет топтарының жиынтық күші.
Қатынастық күш - адам денесінің (көлемінің) 1 кг салмағына тура келетін абсолюттік күштің мөлшері. Күш сапаларын тестілеуді динамометрдің жәрдемімен өткізуге боладьі. Белгілі бір жасқа дейін абсолюттік және қатынастық күштерде биологиялық жасқа сәйкес физиологиялық өзгерістердің нәтижесінде бұл күштің екі түрі де артады. 18-22 жасқа дейін дамып келе жатқан ағзаның күш мүмкіндігіне арнайы әсер ету арқылы күштің және соған байланысты сапаның өсуін арттыруға болады. Бұдан кешірек жастарда табиғи өсу елеулі төмендейді. Бұлшык ет көлемінің немесе күш мүмкіндігінің бұл жаста тез өсуіне жәрдемдесетін, денсаулыкқа зиянды емес химиялық қосымшалар арқылы іске асыруға болады. Жиырма бес жастан асқаннан кейін күш сапасына және дене мүшелері кұрылысына (жекелеген бұлшык ет жүйесіне) алға қойған мақсатты орындау үшін көп уақыт талап етіледі. Күш сапасы ауырлық күштері мен жаттығулар жасау арқылы қалыптасады, өз денесінің салмағымен (жерден денені шынтақты бүгіп-жазу арқылы көтеру, турникке тартылу, отырып-тұру және т.б.) және спорт құрал-жабдықтарымен (штанга, тренажерлар, резиналық серпінді құралдар және т.б.). Күшті дамытуға арналған жаттығулар түрлері төмендегіше айырмаланады.
1. Сыртқы қарсылық күштермен орындалатын жаттығулар:
а) ауыр зат салмағымен;
ә) әріптесінің қарсы күшімен;
б) серіппелі заттың қарсылығымен;
в) сыртқы ортаның қарсылығымен.
2. Өз салмағына тура келетін ауырлықпен орындалатын жаттығулар. Күшті тәрбиелеу әдісі барынша әр түрлі бейнеде болуы мүмкін. Оларды тандау мақсатқа байланысты айқындалады.
Оқу-жаттығу сабағында іс-тәжірибеде негізгі күшті тәрбиелеу әдісі мыналар:
барынша (максимальный) күш салу әдісі; 2) қайталап, күш салу әдісі; динамикалық күш салу әдісі;
Барынша күш салу әдісі ауырлықпен жаттығуды барынша шегіне дейінгі және соған шамалас күшпен орындаумен сипатталады (жаттығуды орындау рекордының 90%-мен), жаттығуды орындауға бір талаптанғанда оны үш рет қайталайды, ал сабақ барысында бес-алты рет талаптанып, онда 15-18 рет қайталап, арасында 4-8 минут демалады (күші қалпына келгенше). Бұл әдіс нақтылы жаттығушыларға күшке арналған жаттығуларды орындауда ең жоғары нәтижеге жету үшін біртіндеп өсіру пайдаланылады және "қопарылыс күштерімен" (взрывной силы) байланысты.
Қайталап күш салу (немесе "қарсылыққа" дейін) әдісі 30-70% рекордтықты құрайтын, бір талаптанғанда сериясымен 4-12 ретке дейін қайталайтын ауырлықтармен жасалатын жаттығуларды қарастырады. Бір сабақ барысында 3-6 рет талаптанып шығу орындалады. Қатарынан орындалатын жаттығулар сериясының арасындағы демалыс 2-4 минут. Бұл әдіс шыдамдылық күшін тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Динамикалық күш салу әдісі кіші және орта ауырлықтарды (рекордтык салмақтың 30%-на дейін) қолданумен байланысты.
Мұнда жаттығулар бір талаптану кезінде сериясымен 15-25 рет аса жоғары ырғақпен қайталанады. Бір сабақта 3-6 рет талаптанып шығу орындалып, олардың арасындағы демалыс 2-4 минут аралығында болады. Бұл әдіс секіруде, лақтыруда, басқа да әрекеттерде қажет жыддамдық-күш сапаларын дамытуға жағдай туғызады.
Күшті дамытудың жәрдемші әдісі изометриялық (немесе статикалық) болып табылады. Мұнда бұлшық еттердің керілуі олардың ұзыңдығының өзгермеген күйінде орындалады. Бұл әдісті пайдалану әр түрлі бұлшық ет топтарының 4-6 секунд бойы барынша керілуіне мүмкіндік береді. Бір сабақта жаттығуды 5 ретке дейін қайталап, әрбір керілуден кейін 1 минутқа дейін демалдыру қажет. Бұл әдіс кез келген бұлшық ет топтарына әсер етуге мүмкіндік беріп, олардың өсуіне басқа әдістермен үйлестікте жағдай (стимул) жасайды. Адамдардың әр түрлі дене құрылысына қарамастан бұлшық ет көлемдерін ұлғайту немесе азайту мақсатына жету үшін күш мүмкіндіктерін жүйелі және әдістемелік дұрыс құрылған жаттығу сабақтарын өткізу жолымен қол жеткізуге болатынын есте ұстаған жөн.
Шапшандық адамның қозғалыс және қозғалыс реакциясының жылдамдық сипатын анықтайтын кешенді қызметтік қасиеті, яғни өте аз уақытта қозғалыс әрекетін орындауды қамтамасыз ететін сапа. Солай бола тұрса да, қозғалыс шапшандығын қозғалу жылдамдығымен шатастыруға болмайды. Мысалы, коньки тебушінің 400-500м қашықтыққа сырғанау жылдамдығы спринтер-жүгірушіге қарағанда жоғары, дегенмен, спринтердің қозғалыс шапшандығы артық. Спорт ілімі туралы ең соңғы жаңа зерттеулерде "шапшаңдық" терминінің орнына "жыддамдық қабілеті" ұғымы пайдаланылады. Жылдамдық қабілетінің қарапайым майда (элементарный) және кешенді көрсету түрлері айырмаланады. Қарапайым, майда түрі мыналарда көрінеді:
- қозғалыс реакциясы уақытының латентінде (жасырын);
- жеке спортшының қозғалыс жылдамдығында;
- қозғалыс жиілігінде;
Бұл шапшандықтың көрінуі барынша автономиялық. Спортпен шүғылданбаған адамның қарапайым қозғалыс реакциясының уақыты 0,2-0,3 секунд аралығында, ал дәрежелі спортшыларда 0,1-0,2 секунд аралығында ауытқумен болады. Атап айтқанда, жаттығу жүйесінде реакция уақыты бар болғаны 0,1 секундқа жақсарады екен. Бұл жерде айтарлықтай рөлді тұқым қуалаушылық жүйе ойнайды. 100 метрге жүгіруде спортты жаңа бастағандар мен дәрежелі спортшылардың нәтижелері 0,1 секунд емес толық секундтармен айырмаланады. Бұл, әрине, кездейсоқтық емес. Ең жоғары жылдамдықпен орындалатын көптеген қозғалыстарда екі кезең айырмаланады: жылдамдықты арттыру кезеңі (үдеу алу кезеңі) және жылдамдықты бірқалыпты жағдайға келтіру кезеңі. Мұндағы бірінші кезең сөрілік үдеуді, екіншісі, ара-қашықтық жылдамдығын сипаттайды. Екі кезең де өзара қатынаста бір-біріне тәуелді емес, бірақ егер біріншісі қозғалыс реакциясы мен қозғалыс жиілігінің латентті уақытына сүйенсе, ал екіншісі қозғалыс жиілігінен (ырғағынан) басқа да жылдамдық ара қашықтығын құрайтындарына сүйенеді (мысалы, 100 метрге жүгіруде қозғалысты орындау тәсіліне, аяқтың ұзындығына, жерден серпілу күшіне) түрлі үйлестіктегі шапшаңдықтың көріну түрі және басқа қозғалыс сапаларының жиынтығы және әдістік дағдыларымен әр түрлі спорт түрлеріндегі жаттығу және жарыстық шараларға арналған сипаттағы күрделі қозғалыс әрекеттеріндегі (актілерінда) жылдамдық қабілеттерінің кешенді көрінуін қамтамасыз етеді. Мұндай кешенді көрінуге ара қашықтық жылдамдығының жоғары деңгейге жетуі, сонымен бірге жарыстық сайыста жоғары қозғалыс жылдамдығын орындап, сөреден шығарда тез жылдамдық ала білу қабілеті жатады (мысалы, суға жүзуде бұрылыстардағы жылдамдық, бокстағы әр түрлі соққылар, гимнастикадағы секірулер және т.б.). Жылдамдық қабілетінің негізгі алғышарттарының бірі жүйкелік, жұмыс жүйесінің қозғалмалылығы (жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі қоздыру және тоқтату қызметтерінін ағынын жетілдіруді түсіндіретін) және жүйке-бұлшық ет үйлесімлілігі
Спорт - сайыстык, бәсекелестікте өтетін, спорттык жоғары нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайында тарихи жикақталған әлеуметтік кызмет. Спортқа негізінен жарыстык кызмет, оған арнайы дайындык, ерекше қатынас, талап және нәтижеге жету кіреді.
Спорт адамды жан-жакты жетілдірудің тиімді кұралы ретінде оны рухани және дене дайындығына тәрбиелеудін козғаушы күші болып саналады. Спортгык жоғары нәтижеге жеткен сайын спортшы тек денесін ғана дамытып қоймай, сонымен қатар адамгерішлік, өнегелілік, эстетикалык, акыл-ой, енбек, отан сүйгіштік тәрбиелерін де алады. Спорттың адамды тәрбиелеудегі педагогикалық маңызы өте зор.
Қазіргі танда спорттык козғалыс негізгі екі бағытқа бөлінеді; бұқаралық (жалпы көпшілік) спорт және жоғары нәтижелер спорты.
Бұкаралық спорт спортшы нәтижелері жоғары емес және көп адамның қатысуы катыкасымен сипатталады. Бұқаралык спортта спорттық нәтижелерді арттырумен катар елеулі орын мен уақыт сауықтыру міндеттерін шешуге, бос уакытты тиімді ұйымдастыруға (үзілісте-сауықтыру спорт), сонымен бірге еңбекке және қорғаныс тәжірибесіне бөлінеді (кәсіби-қолданбалы спорт). Сондықтан, бұкаралық спорт тұрғындарды дене тәрбиесіне және салауатгы өмір салтына насихаттап, тарту міндеттерін шешуде басты рөль ойнайды.
Ая, жоғары нәтижелер спорты барынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылумен байланысты (әлемдік рекордтар, Олимпиадалык ойындарда. Әлем кұрлық чемпионаттарында және ҚР біріншілігіндіде) неғұрлым жоғары болған сайын, бұл жоғары нәтижеге жететіндердің саны да азая береді.
Спортшы өмірінің белгілі кезеңдерінде жоғары нәтижелер спорты басымырақ жағдайда болады. Олардын дайьшдығын жоғары біліктілігі бар жаттықтырушылар жүрегі және ондағы жаттығу барысында ғылым мен техниканың ең сонғы жеңістері пайдаланылады, жаттығу жеке жарыстық жүктемелердің көп мөлшері қолданылады, ал спортшылар көп кезеңдік қатаң іріктеуден өтеді.
Жоғары нәтижелер спортының коғамдық кызметін іске асырудың да белгілі ерекшеліктері бар. Жоғары спорттық нәтижелер үлкен коғамдық қозғалыс (резоианс) туғызады және қандай мектепте спорттың даму денгейі, халықаралык жарыстарға катысуы жоғары екендігі, әртүрлі елдер спортшылары мен спорт сүйер көпшіліктің әртүрлі әлеуметтік орталарында байланыс орнатуға, сонымен бірге халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуға мүмкіндік жасайды. Спорттың экономикалык мәні спорттық козғалыстың бұқаралығының артгырылуында, спорттык көріністерді өткізудегі онын сауыктыру тиімділігіпің жақсаруында керінеді. Спорттык нәтижелердің өсуі адамнын мүмкіндік шегі туралы ұғымы аясын кеңейтеді, спортшыларды дайындау әдістемесіне жаңа жолдар ашуға жәрдемдеседі, ол сонымен бірге бұқаралық спорттык қозғалысқа қатысушылар үшін жана бағдарлар мен мөлшерлік белгілерді (норматив) орнату кызметін атқарады (үлгілік және
Ынталандыру маңызы. Спорттың эстетикасы ымырасыз спорттық сайыс сұлулығында, козғалыстын жетілуінде және т.б. көрінеді.
Жоғары дәрежелі спортшылармен шұғылданудың сауықтыру әсерлілігі тиянақты дәрігерлік бакылаудьщ, жатгығуды үйлесімді кұрудың және спортшылардың жеке ерекшеліктерін есепке алып жүктеме мөлшерін тиімді таңдаудын нәтижесінде қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет