45
Кн=
H
B
немесе Кн=
H
Dbr
(5)
Сатушыға
ассортиментті толықтыруға итермелейтін себептер:
•
моральдық ескірген,
сұраныста қолданылмайтын тауарларды алмастыру
;
• сапасы жақсарған тауарларды тұтынушылардың сатып алуды
ынталандыру
мақсатында өңдеу;
•
бұрын
ұқсас болмаған тауарларды жобалау және өңдеу;
• ұжымның бәсекелестік артықшылығын жасау үшін ассортиментті толықтыру
есебінен ұлғайту.
Ассортимент құрылымы
жалпы жиынтықтағы тауардың әрбір түрінің
және
атауларының үлес салмағымен сипатталады. Ассортимент құрылымы
көрсеткіштерінің табиғи немесе ақшалай көрінісі бар және олар
салыстырмалы сипатқа ие. Оны жеке тауарлар санының ассортиментке енетін
барлық тауарлардың жалпы санына қатынасы
ретінде есептейді.
Ассортимент құрылымы көрсеткіштерін аналитикалық зерттеу
мақсатына байланысты таңдайды. Егер қойма бөлмелерінің аумағына
қажеттілікті, сондай
-
ақ тауарды есептеу үшін аумақты анықтау қажет болса,
ассортимент құрылымының табиғи көрінісін
таңдайды, ал тауардың жеке
түрінің пайдасын талдауда –
ақшалай көрінісін қарастырады.
Медициналық техника бұйымдары үшін ассортименттің моральдық
тозуы бойынша құрылымы үлкен мағынаға ие, оны К
m
коэффицентімен
көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: