Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Қалаулы нәтиже: оқушылар «жанжал» ұғымымен, оның құрамдас бөліктерімен танысты; 
оқушылар адамдардың жанжалды жағдайда әрекет етуінің түрлі стильдерін меңгерді; 
оқушылар жанжалдарды сындарлы шешу дағдыларын меңгерді; тиімді қарым-қатынастың 
өзіндік тәсілдерін әзірлеу қабілетін дамытты. 
22-сабақ 
Тақырыбы: Жанжалдар. 
Ұғымдар: жанжал, жанжалды жағдайлар, конфликтология, жанжалды және жанжалсыз 
ойлау түрлері. 
Сабақтың мақсаты: «жанжалды жағдай» ұғымын, жанжалдардың пайда болу себептерін, 
жанжалды және жанжалсыз ойлау түрлері қалай пайда болатынын анықтау; жанжал 
кезінде сындарлы әрекет ету дағдыларын меңгеру. 
Әдістері: әңгімелесу, ой-талқы. 
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, жаттығулар, жұмыс дәптерлері, поститтер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Жанжалдар қалай пайда болады?» ой-талқысы 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
 
3 шағын топ құрыңыз. Қатысушыларға достарымен, отбасы мүшелерімен болатын 
жанжалдарды және әлдебір жерде (автобуста, ауруханада, банкте, дүкенде) бейтаныс 
адамдармен болатын жанжалдарды жазуды ұсыныңыз. Плакаттардың атаулары: «Достармен 
болған жанжал», «Үйде болған жанжал», «Қоғамда болған жанжал». 
Идеяларды жазуға берілген уақыт – 5 минут. 
Презентация жасау. 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
Қатысушылар айтқан нақты жағдайларды талқылағаннан кейін біртіндеп теориялық блокқа 
көшіңіз. 
Жанжал дегеніміз не? 
Бәріміз дерлік жанжалды жағдайға тап болып, оны қандай да бір жолмен шешкен шығармыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет