Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан


Фрирайтинг (бір адамға арналған ой-талқы)



Pdf көрінісі
бет49/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Фрирайтинг (бір адамға арналған ой-талқы) 
Бұл белгілі бір уақыт ішінде (әдетте 10-20 минут) туындайтын барлық ойларды механикалық 
түрде жазу. Мәтін өңдеусіз, өзгертусіз, грамматикаға немесе стильге алаңдамай жазылады. Тез 
және үздіксіз жазу, шектеулі уақыт ішінде жұмыс істеу қажет. Ойыңдағыны ғана жазу қажет: 
бұл ойлау процесін бақылау, ойды дамыту тәсілі. 
Ассоциациялар әдісі 
Ассоциациялар және метафоралардың көмегімен ұғымдар арасында логикалық байланыс 
орнатуға болады. Бұл идея ұсыну үшін пайдалы. Кез келген екі ұғымды орта есеппен он 
ассоциативтік тізбекпен байланыстыруға болады деп саналады. Мысалы, «ағаш» және «доп» 
ұғымдарының арасындағы ассоциативтік тізбек келесідей болады: «ағаш» – «орман», «орман» 
– «алаң», «алаң» – «футбол», «футбол» – «доп».
«Мағыналық тізбек» жаттығуы 
Уақыт: 10 минут 
Процесі:
 
4 ерікті шақырылады. Оларға арналған тапсырма: 
«Сендерге екі сөз айтылады. Ассоциация сөздерін кезекпен-кезек айта отырып, бастапқы екі 
сөзді бір-бірімен байланыстыру керек. Мысалы, ұшақ – ат; тоқаш – спорттық аяқкиім; айна – 
пойыз; сағат – тіс». 
Жылдам және креативті реакцияны тағы да жаттықтырайық. Ол үшін шеңберге тұру қажет.
 
«Нәрсені ерекше түрде пайдалану» жаттығуы 
Уақыт: 5 минут 
Процесі:
 
Тренер кез келген қатысушыға доп лақтырып, кез келген нәрсені атайды. Қатысушы ол 
нәрсені ерекше түрде пайдаланудың 2-3 жолын айтады (тікелей қолданылуын айтпайды). 
Мысалы, үтікпен киім үтіктеуге және... Жаңғақ шағуға, пресс ретінде қолдануға болады. 
Қажетті сөздер: кірпіш, су құйылған шөлмек, кілем, бәтеңкенің бауы, қармақ, теннис 
ракеткасы, күрек, айна, кәстрөл. 
 
 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет