БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
59
«Жанжалды жағдай» ұғымның бір жалпы анықтамасын жазу. 3 минут беріледі.
Жанжалдар үнемі орын алады: үйде, жұмыста, әлемдік деңгейде. Алайда, күшті
тек соңғы
шара ретінде қолдану керек. Кез келген саладағы мәселелерді шешудің сәттілігі жанжалсыз
ойлау түріне байланысты.
Иә, біз жанжалдар туралы әңгімені өзімізден бастаймыз! Себебі біз барлық өзгерістер сырттан
емес, адамның бойынан басталатынын түсінеміз.
Қатысушылар 3-5 минут ішінде поститтерге жанжалға тап болғандағы сезімдерін жазады,
мұны олар ой-талқы кезінде сипаттаған болатын. Бір постит – бір эмоция/сезім.
Қатысушылардан эмоциялары жазылған поститтерді тиісті
плакаттарға жабыстыруларын
сұраңыз (плакаттарды қабырғаға немесе тақтаға іліп қойыңыз), жанжалды жағдай
мысалдарының үстіне жабыстыруға болады. Плакаттардың атаулары ғана көрініп тұрсын:
«Достармен болған жанжал», «Үйде болған жанжал», «Қоғамда болған жанжал».
Ештеңе талқыламай, пікір білдірмеңіз. Топтан да әзірге пікір алмаспай тұруларын сұраңыз.
Барлық поститтер жабыстырылғанда қатысушыларға плакаттарға қарауды ұсыныңыз.
Олармен бірге плакаттардың жанына барып тұрыңыз.
Сабақтың тақырыбын қорытындылаңыз
Уақыт: 5 минут
Сыртта не болып жатқандығы ғана маңызды емес. Қатты айғайы бар жанжал, дау, төбелес
немесе кекесінді ескертулер де маңызды емес. Ең бастысы – жанжалды жағдайға тап болған
адамдардың ішінде не болып жатқаны.
Кейде бәріміздің пікірлеріміз, көзқарастарымыз
соқтығысады. Бұл жағдайларға бала кезден тап боламыз. Бірте-бірте бойымызда белгілі бір
тәжірибе қалыптасады. Жанжалдағы мінез-құлық тәжірибесі қалыптасады. Мысалы,
дүкендегі әлдебір әйел болмашы нәрсе үшін бірден айғайлай бастайды. Ол
әділеттілікке
немесе қажет нәрсеге айғаймен қол жеткізуге дағдыланған. Тағы бір мысал: біреудің көлігін
жолда «кесіп» өтті, ашулы жүргізуші құқық бұзушыны қуып жетіп, төбелес бастайды. Ол да
агрессия арқылы қорғалып, сақтануды үйренген.
Мұндай тәжірибе адамды қатты шектейді. Жаңа жағдайға тап болған сайын адам ескі әдістерді
қолданады және соңында бірдей нәтиже алады. Бәлкім, айғайлаған әйелге түсінушілік пен
жанашырлық
керек шығар, бірақ жауап ретінде ол дауға тап болады. Ал ер адамның
агрессиясы жауап ретінде агрессияны тудырады. Бұл тұйық шеңбер.
Жағдайлардың әртүрлі болатынын түсіну керек және өзіңді үнемі сабырлы ұстаған маңызды.
Егер тәжірибе мен әдет дұрыс қолданылса, олар пайдалы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: