Әдебиеттер: 1. Ашмарин Б.А. Теория и методика педагогических исследований в физическом воспитании (пособие для студентов, аспирантов и преподавателей иниституов физической культуры)М.: ФиС, 1978
. Качани Л. Горский. Тренировка футболистов. Шпорт словацкое физкультурное издательство, Братислава, 1984
3. Футбол. Учебник для вузов. Под. Ред. Казаков П.Н. М.: ФиС, 1976
4. Айкенов Ж., Азнаев М., Құрымбаев Е., Ерепбаев Н. Футбол ойыны. - Шымкент. 2009.- С.83
7. Жаттықтырушы педагог және тәрбиеші ретінде 1. Жаттықтырушы қызметі оқыту, тәрбиелеу, бақылау және жоспарлау
2. Жаттықтырушының оқу жаттығу жүйесін жоспарлау.
3. Жатттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
Бастауыш футболшылардың финт жасау кезіндегі қателер, финтті қарсыласқа өте жақын орындалатындықтан, ұмтылыс кезінде қарсыласы допты әкетіп, қағып отырады. Ол үшін жоғарыдағы аталған жаттығуларды дұрыс жасап отыру керек.
Қазіргі футболда допты алу техникасын менгеру өте қажетті. Бастауыш футболшылар допты алудың барлық түрлерін менгерулері тиіс.
Допты таласпен алу – қарсылас жақындап қалған кезде, доп алысқа кеткен жағдайда болады.
Оқыту барысында: Пассивті алу. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 15 қадам қашықтықта жаттығады. Біреуі допты аяқ өрінің ішкі жағымен әріптесіне бағыттайды. Ол допты алуға ұмтылады. Период бойынша орын алмасады.
Орнында тұрып. Алушы орнында тұр. Оған бірінен соң бірі үш қарсылас доп әкеледі. Ол аяғын созып допты алады.
Ойындағыдай. Бір мезгілде екі ойыншы жаттығады. Біреуі алушы, біреуі ендіруші. Бір - бірінен 15 қадам қашықтықта тұрады. Ендіруші жақындағанда алушы жақындап допты алады. 8-10 рет қайталайды.
Иықпен итере допты алу – қарапайым, бірақ тиімді қабылдау.
Сабақ барысы: Тура есеп. Екеуден орындалады. Біреуі қарсы (допсыз) шабуыл, екіншісі – қорғанушы. Белгі бойынша алаңға бірге келеді. Бір – біріне қарсылық көрсетіп допты иықпен қағады. Орын алмасады.
Жүгіру кезінде. Дәл жоғарыдағыдай тек оны жай темппен жүргізу кезінде орындалады.
Доппен. Мұнда доп ендіріледі. Мазмұны бұрынғыдай. Тек иықты қарсылас иығына теңестіріп алу керек.
Құлап бір аяқпен сырғып барып допты алу – бұл өте қиын әдіс. Басқа ешбір шара қалмаған кезде қолданады. Қарсыластан алыс аяқты тізеден бүгіп, сырғып барып екінші аяқты қарсыласының алдындағы допқа қарай созады, допты аяқтың табаны мен немесе ішкі жағымен қағып жіберу қажет. Құлауды жеңілдету үшін қолды тіреу керек.
Бұл әдісті толық меңгермесе ойын тәртібінің бұзылуына әкеліп соғады.
Шеткі сызықтан шыққан доп, қайта лақтырылып, ойынға енеді. Бұл техникалық қабылдауды әр футболшы меңгеруі керек. Допты лақтыруда тізені бүгу керек. Допты бас бармақпен қосып ұстау керек. Қадым жасап лақтырған кезде немесе жүгіріп келіп лақтыру үшін алаң сызығына 1 немесе 2 қадым қалғанда допты, бастан асыра көтеріп дененің арқа жағына өткізеді. Аяқты жерден көтермеуі керек.