6. Оқыту процесінің құрылымы: бастапқы даму сатысы, тереңдете даму сатысы. 1.Оқыту процессінің құрлымының негіздері
2.Бастапқы даму сатысы, тереңдете даму сатысын жетілдіру.
3.Оқыту сатысының мінездемесі.
Мұнда жіберілетін қателер: тірек аяқ доптан өте алысқа қойылады. Бұл қателерді болдырмас үшін көп ретте қабырғаға жартылай күшті соққы беру арқылы жаттығу керек.
Баспен соққы беру – футбол ойынының ажырамас бөлігі болып табылады. Мамандардың айтуы бойынша баспен соққы беру футбол ойынындағы барлық техникалық қабылдаулар ішінде үшінші орын алады екен. Баспен соққы маңдаймен немесе бастың бір жағымен беріледі. Олар бір орында, секіріспен жасалады.
Бір орында маңдаймен соққы. Аяқты иық кеңдігінде орналастырады, кішкене тізе бүгіледі. Бір аяқ алда. Тез қимылмен доп ортасына маңдаймен соққы береді.
Секіру кезінде баспен соққы беру үшін екі аяқпен бірдей секіреді.
Бастың бір жағымен соққы беру кезінде дене салмағын бір аяққа артып, бастың тез қимылы арқылы соққы береді.
Күрделірек болып саналатын, құлап бара жатып баспен соққы беру. Бұл доп ойыншыдан биік емес қашықтықта ұшқанда жасалады.
Оқыту барысында: 1.Ілінген доп. Доп жаттығушы басынан 10-15 см биіктікке ілінеді. Ары қарай секіру арқылы жаттығулар жасалады.
2.Жанглер. допты алдына тастап, басты артқа, денені бұрып, бұлшықеттеріне кернеу беру арқылы баспен соққы беру.
3.Қабырғада. қабырғадан 2 м қашықтықта тұрып, допты лақтырып баспен қабырғаға, соққы 10-15- рет беріледі.
4.Ауадағы доп. Жаттығушылар екі-екеуден жаттығады. Ойыншылар бір-біріне 3-4м қашықтықта тұрып, бір-біріне допты бас соққысы арқылы бағыттыйды. Біртіндеп ара қашықтықты арттыра бастайды.
5.Сақина ішінде. Қақпа алдына баскетбол сақинасын және гимнастика сақинасын іліп, екі ойыншы екі жағына тұрады. Екі жақтан маңдай арқылы бір-біріне допты сақина арқылы бағыттайды.
6.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты қисық траекториямен лақтырады, екіншісі баспен соққы беру арқылы кері қайтарады. Бес соққыдан соң орын алмасады.
7.Секірісте. үш ойыншы жаттығады. А ойыншы В ойыншының артына орналасады. Б оойыншы олардан 3м қашықтықта қолмен допты лақтырады. В ойыншы А ойыншының үстінен баспен соққы беру арқылыдопты кері қайтарады. А ойыншы пассивті түрде болады. 8-10 соққыдан соң орындары алмасады. Т
8.Қолдан ал. Олардың біреуі қолына доп ұстап, жоғары көтереді. Одан 3-4м қашықтықта Б ойыншы орналасады. Ол өзінің әріптесіне допты лақтырады, әріптесі допқа баспен соққы береді. Период бойынша ойыншылар орын алмасады.
10.Допты қуалау. Ойыншылар шеңбер бойымен орналасып, ортаға бір ойыншы орналаласады. Шетінен ортадағы ойыншы баспен соққы беру арқылы допты бір-біріне беріп шығады. Доп жерге түскен кезде ортадағы ойыншы орын алмасады. 11.Шнур арқылы. Колонна алдына екі бағанаға бекітілген, ойыншылардың басымен бірдей биіктікте таяқша ілінеді. Колона алдына доп ұстаған А ойыншы тұрады. Ол допты лақтырады, колонна алдындағыойыншы таяқшаға дейін жүгіріп келіп, допқа баспен соққы беріп, кері қайтарады. Соққы берілген ойыншы колонна соңына барып тұрады. Соққыны келесі ойыншы береді т.с.с.
12.Үшбұрыш. жаттығушылар топқа бөлінеді. Үш-үш ойыншыдан 5м қашықтыққа үшбұрыш түзеді. Әр топта доп болады. Ойын барысында допты бір-біріне жерге түсірмей бас арқылы соққы беріп отырады. Мұнда ойыншылардың соққыны дұрыс беру техникасына басты назар аудару керек. Соққылар маңдаймен беріледі.
13.Жылжымалы үшбұрыш. Бұл жаттығу алдыңғымен сәйкес келеді, тек мұнда, бір орынды емес, жылжып отыру арқы соққы.
14.Жаттығушылар топқа бөлінеді. Әр топта үш ойыншыдан және бір түзудің бойындаорналасады. Ара қашықтығы 4м. Екі ойыншы қарама қарсы тұрады. Біреуінің қолында доп. Ол соқққыны баспен беру арқылы, келесі ойыншыға допты жібереді. Ол допты 180°-қа бағыттап, кері қайтарады. Осылайша 20 рет қайталанады.
15.Орталықтағы арқылы. Ойыншылар алдыңғы жаттығулардағыдай орналасады. Бірақ мұнда барлық жаттығу ортадағы ойыншы арқылы жүзеге асырылады. Топтың әр ойыншысы ортақ тұрып, 20-дан артық допқа соққы беруі керек.
16.Алаң арқылы. Ойыншылардың бірнеше тобы біржақтама алаң сызығына біріне соң бірі орналасады. Олар бір-біріне допты бастарынан асыра ұзатып, доптың жерге түспеуін қамтамасыз етеді.
17.Қақпа арқылы. Үш ойыншы жаттығады. Біреуі қақпада орын алады, екіншісі 10-12 қадам қашықтықта орналасады, допты 8м-ге лақтырады, қабылдаушы ойыншы допқа басымен соққы береді. 6-8 қақпадан соң орын алмасады.
18.Баспен беру. Ойыншының біреуі қақпаға орналасады. Екіншісі-қақпаға қарсы 10-12 қадам қашықтықта орналасады. Екі ойыншы қақпаның оң және сол жағына орналасады. Біреуі допқа баспен соққы беріп, қақпаға бағыттайды. Периодпен орын алмасады.
Үнемі баспен соққы беру – ойыншылардың осал тұсы болып саналады. Оның себебі неде? Мұнда баспен соққы беру-өте күрделі, техникалық қабылдау. Оған жоғары назар ету керек.