Факультет: Жаратылыстану-математика



бет10/20
Дата19.11.2023
өлшемі158,5 Kb.
#124844
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Оқыту барысында:
1.Допты лақтыру. Қабырғадан 10-12 м қашықтықта тұру. Допты алдына тастау. Доп кері серпіліп, тізе тұсына жеткенде ұшып келе жатқандағы соққыны береді. Алдымен соққылар табанның ішкі жағымен беріледі. Сонан соң ортасымен және өрдің сырқы жағымен беріледі.
2.Допты тастау. Жаттығулар екі-екідне бөлінеді. Бір ойыншы әр қосақтың сол жағынан қабырғадан 10м қашықтықта тұрады. Оның орындайтыны-кеудесін тірек аяққа иіп әріптесі лақтырған допты кері қабырғаға қайтарады. Период бойынша, ойыншылар орын алмасады.
3.Бір-біріне. Футболшылар қос-қостан жұмыс жасайды. Әр қосақта ойыншылар бір-бірінен 15м қашықтықта орналасып, кезекпен допқа соққы бере бастайды. Мұнда доп бағыты әріптес алдына бағытталады. Әріптесі допқа ұшып келе жатқандағы соққыны береді.
4.Қақпаға соққы бер. Жаттығушы үш ойыншы. Біреуі қақпаға тұрады, екіншісі қақпадан 15 қадам қашықтықта, ал үшіншісі қақпа сызығынан 15-20м қашықтыққа орналасып, допты екінші ойыншыға береді. Ол ұшып келе жатқан допты қақпаға бағыттайды. 10 соққыдан соң орын алмасады.
5. Бас арқылы. Допты жерге тастау және бірінші серпілісінде аяқ өрінің ортасымен бастан асыра соққы береді. Тез бұрылып түскен допқа осны қайталайды т.с.с.
6.Доп ортанғыға. Жаттығушылар 3-3-тен ойнайды. Екі ойыншы бір-бірінен 12-14 м қашықтыққа орналасады, ал үшіншісі олардың арасында. Бірінші ойыншы ортадағыға береді, ал ол бас арқылы аяқ өрі ортасымен соққы беру арқылы екінші допты үшінші ойыншыдан алады. Дәл осылайша бірінші ойыншыға береді. Период бойынша орын алмасады.
7. Қақпаға. Екі ойыншы қақпаның екі шетіне тұрады. Кезекпен қақпа сызығына айып алаңы арқылы қақпаға бағыттайды. Екінші ойыншы ұшып келе жатқан допты қақпаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады. Енді жіберілетін қателер жөнінде көбінесе бастауыш футболшылар келесі кемшіліктерді көп жіберді. Аяқтар жерге параллельді немесе аяқ допқа өте жақын орналасады. Нәтижесінде әлсіз, дәл емес соққы беріледі. Бұл кемшіліктерді жою үшін жерден серпілген допқа қабырғаға бағыттап 8-10 соққы беру арқылы жаттығу керек.
Жартылай ұшпалы допқа соққы. Доптың жерден серпілуі кезінде орындалады. Мұндай соққылар әдетте өте күшті соққылар қатарына жатады. Бұл қабылдауды алыстан немесе қақпаға соққы беруде қолданады. Доп жерге жақындағанда тірек аяқ тізесі бүгіліп, соғушы аяқ артына созылып, допқа соққы береді.
Оқыту барысында:
1.Қабырғаға. қабырғадан 3-4 қадам қашықтыққа тұрып, допты алдына тастайды. Серпілген допқа өр ортасымен соққы береді. Жаттығу 10-15 рет қайталанады.10 соққыдан өрдін ішкі және сыртқы жағымен орындалады.
2.Шеңберде. қабырғаға 1м диаметрлі шеңбер сызылады.одан 8-10м қашықтықта орналасып,допты алдына тастап, серпілгенде соққы беріп,сызылған шеңберге бағыттайды. Жаттығудағы әр аяқ үшін 10-15 соққыдан береді.
3.Қақпада. Қақпадан 12-15 қадам қашықтыққа доппен бірге тұру. Допты алға тастап жіберіп, онымен бірге қуалап жүру, қақпашы тұрған қақпаға бағыттау.
4.Дәл беру. Екі ойыншы бір-бірінен 15-16 қадам қашықтықта орналасады. Олар допты бір-біріне тура беруі керек. Мұнда бір рет қимылсыз допқа, екіншісінде ұшып келген допқа соққы беріледі. Әр ойыншы 10-15 соққыдан береді.
5.Сым арқлы. Екі бағына арқылы сым тартылып, қойылады. Екі ойыншы сымның екі жағына орналасып, кезекпен жартылай ұшу соққысын беріп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет