Факультетінің деканы п.ғ. к


Ойын-мектеп жасына дейінгі баланың негзгі іс-әрекеті



бет76/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

2.Ойын-мектеп жасына дейінгі баланың негзгі іс-әрекеті

Ойынның арқасында бала заттар мен адамдардың қоршаған ортасын түсінеді. Бала мектеп жасына келгенде оқу түрткісін ойынмен алмастырып алмауы үшін қойылатын талаптар қай кезде орындалу, қай кезде оларды түсінгенін ғана көрсету керек екенін айыру үшін осы қызметті меңгеру тиіс.

Заттық іс-қимылды меңгергеннен кейін бала ойнауды үйренеді. Мектеп жасына дейінгі баланың ойыны бірнеше кезеңдерден өтеді.

Біріншісі- бұл рөлдік ойын, бала өзін-өзі ана, әке,аю, қоян, мыстан кемпір және т.б. атаумен атап, өзін соларға ұқсатып ойнайды.

Екіншісі- сюжеттік ойын,бала басталуы,дамуы және аяқталуы бар, бір күнде аяқталып қалмай ,жалғасын келесі күні табатын оқиғаны өрбітеді.

Үшіншісі- ережелері бар ойындар, бала сюжеттің логикасына сәйкес іс-қимыл жасап қана қоймай,барлығына бірдей қатысты шектеулердің (нормалар мен ережелердің) жүйесін әзірлеп, қабылдайды.

Алғашқы екі кезең баланың шығармашыылық мүмкіндіктерін, артистизмін, өзін-өзі ұстау қаблетін ашады.

Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ баалалар ақыл-ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?

Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата-анаіыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.

Екіншіден, ойынға делдал- қатысушыны- қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру керек.

Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял-елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған режиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.

Рөлдік немесе шығармашылық ойындар мектепке дейінгі жаста пайда болады.Бұл баланың ойын жағдайларында өзіне үлкендердің қызметі мен олардың арасындағы қарым-қатынастарын алып, оны жалпы түрде көрсету.

Ойын заттық-манипулятивтік қызметтен ерте балалық кездің соңында шығады.

Заттық іс-қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пайда болуы үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек.Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар, ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды. Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болды. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойыннығ міндетті шарты ашық және қарқынды жан толғанысы болып табылады: баланы көрген оқиға таңғалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.

Режиссерлік және рөлдік-бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік- рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі саңталады және жетілдіріле береді.Сюжеттік-рөлдік ойындарда балаларлелермен байланысты болады. наұты адамдардың рөлін және қарым-қатынастарын көрсетеді. Сюжет-ойында көрсетілетін нақты өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселелермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжетті пайдалана бастайды.

Баланың ойынында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым-қатынастардағы сәттер ойынның мазмұнын құрайды. Бірте-бірте ойындықіс-қимылдар өзінің алғашқы маңызын жоғалтады. Нақты заттық іс-қимылдар қысқарады жіне жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен орын ауысады. Сюжет пен ойынның мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың ойындармен жалғасады. Сөйтіп, ойын өзгеріп отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгң сатылар немесе кезеңдер бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5жас) адамдардың нақты іс-қимылдарының логикасын көрсету сипаты; ойынның мазмұны заттық іс-қимылдар болып табылады. Екінші кезеңде (5-7жас) адамдардың арасындағы наұты қарым-қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны әлеуметтік қарым-қатынастар үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні болып табылады. Ойын- мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші қызметі, ол баланың дамуына маңызды ықпал етеді. Ең алдымен балалар бір-бірімен толыққанды қарым-қатынас жасауға үйренеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет