Факультетінің деканы п.ғ. к


Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан



бет74/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

3.Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан.

Қазақ халқында он жасқа дейінгі кезеңді балдәурен жас деп есептеген. Онан кейін өмірге белсене араласатын еңбек мектебі- өмір мектебі басталады. Қазақта оны: қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп төртке бөледі.

1. Қозы жасы- қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салады. Бұл- еңбекке баулудың қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғаш басқышы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татып, оның қиындығын сезінудің жоралғысы саналады. Қозы бағуды кедей балалары мен бірге бай балалары да бастан кешке. Малды бағып-қағуды білмеген қазақ болмаған. Өйткені қазақ баланы жастайынан қатал қарап, еңбекпен шыңдауды мақсат еткен.

2. Қой жасы- қозы жасындағы бала «он үште отау иесі» делінген жасқа келісімен, еңбектің бастауыш сатысынан өтіп, кәсібін ауыстырып, қозы бағудан қой бағуға көшкен. Отаудың иесі деп келешегінен үлкен үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ еш уақытта ойламаған. Сондықтан, он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деп есептеген. Ал, сиыр мен түйеге ие болу кәрі –құлтаң шалдардың үлесіне тиген.

Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қара қойды қыста суыққа, жазда ыстыққа шыдап, ит-құсқа жегізбей, жоғалтпай бағып- қағу төзімділікті, еңбек сүйгіштікті керек етеді. Мұндай іске он бестегілердің де өте бір қағілездері, төзімділері шыдайды. Бірақ, көнбеске шара жоқ. Басқа кәсіп болмаған соң дала тіршілігіне, қой бағуға төселіп, сыннан сүрінбей өткендері жылқы жасына ауысады.

3. Жылқы жасы. Қай халықта болмасын жиырма бес- «бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан», «отқа салса өртенбес, мұзға салса тайсалмас» нағыз ердің жасы. Жаулары жылқысын айдап, жесірін тартып әкетіп жатқан жаугершілік заманда ел шетіне келген жауға айдын болатын да, құрық алып, нелер шу асауды бұғалық сап үйрететін де жылқышы жігіттер. Күндіз де, түнде де қақаған аяз бен қапырық ыстыққа, жауын мен желдің өтіне шыдайтын түз дүлділі жылқы бағуды сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға лайық кәсіпболған.

4. Патша жасы. Қазақта патша болған емес. Алайда, патша бергісіз хандардың болғаны белгілі. Жалпы шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді патша (хан) қойғызбаған. Қазақтар қырықты қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтаған. Бұл жасқа келгендердің көбісі атқа мініп, ел басқарады. Ақылды азаматтар хан, төре, сұлтан сықылды мансапқа ие болады. Билік айтады. Өнерімен, батырлығымен, шешендігімен жұртқа танылады.

Жас бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның дара психологиясын, жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік ерекшелігін айрықша ескерту қажет дейді мақалдар. Мысалы: «Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле» деген мақалды қарар болсақ баланы түсіну, оның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болу қажеттігін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет