Факультетінің деканы п.ғ. к


М.М. Мұқанов зерттеулерінде



бет73/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127
М.М. Мұқанов зерттеулерінде бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан: Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең-нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді: а)бесік жасына /туғаннан 7 айға дейін/; б) еңбектеу жасына / 7 айдан 12 айға дейін/.

1-ден 3 жасқа дейінгі кезеңі-бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейірімді келеді. Малдардың төлдерін ұнататыны сондай, үстінен сипап, не солардың дауысына салып еліктейді. Ойын үстінде қыздар шешесіне, ұлы әкесіне еліктейді.

3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысады. Қыздар қазан-аяқ ұстап шешелеріне кемектеседі. Ұлдар бұзау бағып, тезек теріп, түйеге артады.

8-ден 11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физикалық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттеледі. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соның кінә екені осы жастан соң есептелінеді. Демек, бұл жас әлі кішкентай болып есептелінеді.

12 жастан 15 жасқа дейін бозбала /қыз бала/ кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың есейіп қалған кезеңі. Үйге қонақ келгенде қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді. Ұлдарды үлкендермен табақтас ететін, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға, аң аулауға қосатын.

15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.

Әрбір жасшағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әркез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиянтығымен анықталады. Бұл әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері.

Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі білімдердің, тәсілдердің қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін («қозғаушы күшін») құрайды.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тірішілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым-қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтыратын осыған ұқсас жағдай жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болады.

Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор болып табылады.



2. Жетекші іс-әрекет түсінігі.

Адамның жоғарғы формадаға психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамадар ежелден –ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты белгілеулерде , белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, алдымен, психиканың даму процесін сипаттайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.

Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол – оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде орындаушы рөл атқарады.

Адамның маңызды ерекшеліктері оның еңбек ете білуі, ал кез-келген еңбек іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет- бұл субъектінің қоршаған ортамен динамикалық жүйеде әрекеттесуі. Осы әрекеттесу процесінде психикалық бейнелер туындауы жүзеге асады. Кез-келген қарапайым іс-әрекет актісі субъектінің белсенділігі көрінісінің формасы болып табылады.Кез-келген іс-әректтің оятушы себептері және белгілі бір нәтижелерге жетуге бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет