Фармацевтикалық технология кафедрасы


Тақырыбы: Қатты дәрілік заттардың өндірісімен танысу



бет3/14
Дата22.12.2023
өлшемі4,37 Mb.
#142975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Елшибекова Улжан практика

Тақырыбы:Қатты дәрілік заттардың өндірісімен танысу. Қатты дәрілік қалыптарға брикеттер, гранулалар, драже, капсулалар, қарындаштар, микрокапсулалар, ұнтақтар, пеллеттер, жинақтар, таблеткалар жатады. Таблеткалар - қосымша заттар қосылып немесе қосымша заттарсыз, бір немесе бірнеше дәрілік заттардан тұратын, ұнтақтар мен гранулаларды престеу арқылы алынатын дозаланған қатты дәрілік қалып түрі. Дайындалу әдісіне баланысты таблеткалар екі түрге бөлінеді: пресстелген таблеткалар және тритурацияланған таблеткалар. Тритурацияланған таблеткалар дегеніміз ылғалданған массаны ысқылап жағу арқылы арнайы қалыпқа келтіре отырып, кептіріп дайындалатын таблеткалар. Престелген таблеткалардан айырмашылығы тритурацияланған таблеткалар қысымға ұшырамай дайындалады: таблетка бөлшектері кептіру кезінде аутогезия арқылы бірігеді, сондықтан олар престелген таблеткаларға қарағанда беріктігі төмен болып келеді.

Тритурацияланған таблеткалар қысымды қолдану мүмкін болмаған немесе қысым қолдануға болмайтын жағдайда жасалады. Мысалы, дәрілік зат мөлшері аз, ал қосымша заттарды көп салуға болмайтын жағдайда да тритурацияланған таблетка жасауға болады. Сонымен қатар, дәрілік затқа қысым кері әсерін тигізетін жағдайда тритурацияланған таблетка жасауға болады. Мысалы, нитроглицерин таблеткасын дайындауда қысымды қолданса жарылыс болуы мүмкін. Тритурацияланған таблеткалар борпылдақ, берік емес болып келеді, сондықтан сұйықта жақсы ериді, бұл инъекцияға және көз тамшыларына арналған таблеткалар өндірісінде қолайлы болып табылады. Қатты дәрілік қалыптар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырамыз:

  1. ұнтақтар дайындау кезеңі;

  2. дәрілік қалып массасын алу кезеңі;

  3. дайын дәрілік қалып алу кезеңі;

  4. қаптау және орау кезеңі

Таблетканы жасауға арналған массаның өз сатылары мына түрде болады:

  • ингредиенттерді араластыру және ылғалдандыру;

  • ылғалды түйіршіктерді кептіру;

  • құрғақ грануляция;

  • опалау.

Содан кейін, гранулят массасын мастер тексеріп, келесі стадияға массасын жазып жібереді. Гранулятты жақсы жабылатын ыдыста, жарық пен ылғалдан қорғалған жерде сақтайды. Таблеткалау процесіне материалдарды дайындау кезінде танымал әдіс престей отырып түйіршіктеу, ол кезде ұнтақтар тығыздалып, ылғалсыз берік, өлшемдері біркелкі түйіршіктер дайындалады. Таблеткалау (престеу) матрицадағы затты төменгі және жоғарғы пуансон арқылы екіжақтан қысу арқылы жүреді. Таблеткалайтын машиналарда престеу матрица пресс-құрал арқылы жүреді.таблеткалайтын машиналар таблеткалайтын машиналарда мен екі пуансоннан тұратын.Қазіргі кезде ротационды қолданылады. Ротационды таблеткалардың өнімділігін ұлғайту үшін матрицалық үстелге бекітілген көптеген матрицалар және пуансондар болады. Ротационды таблеткалайтын машиналарда қысым біртіндеп өседі, бұл таблеткалардың біркелкі престелуіне мүмкіндік береді.
Престеу процесінен кейін технолог таблетканың сыртқы түрі мен орташа салмағын тексереді. Беріктігі мен себілгіштігін лаборант тексереді.
Таблеткалар тегіс, біркелкі болуы керек. Таблеткалардың механикалық беріктігі қолданылған қысымға байланысты болады, сонымен қатар престеу кезінде қысым қалай көтерілгені де таблетка беріктігіне әсер етеді. Егер таблеткалайтын машинада қысым бірден көтерілсе қатаң жағдайдағы қысым болып есептеледі. Ол кезде пуансондар соққан кезде таблетканың беткейі қатты қызады, соның әсерінен балқып, цементтеліп қалуы мүмкін. Сапалы таблеткаларды полиэтилен жинағыштарда жинап, өлшейді. Әрбір жинағышқа препараттың аты, серия нөмірі, массасы, дайындалған күні мен дайындаған адамның аты-жөні жазылған жапсырма жабыстырылады.


11.02



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет