Кәсіпорыннан өндірістік тәжірибе жетекшісі: Нөкербек Ш.______________________
ЕСЕП
Мен Молдағали Иманали Аниятұлы 30.01.2023ж – 10.04.2023ж аралығында өз мамандығым бойынша «Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу» тәжірибелік сабақтан өттім.
Тәжірибелік сабақты өту барысында,алғашқы күні,қауіпсіздік техникасындағы шаралармен,санитариялық режимді сақтауды,тәртіпке бағынып,ішкі және сыртқы ережелерді біліп,сол бойынша жұмыс жасау керегін түсініп білдім.Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функцияларымен таныстым. Фармацевтикалық өнімді өндіруді ұйымдастырудағы GMP талаптарын оқып білдім.Фармацевтика өнеркәсібіндегі нормативтік базамен таныстым.Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын қарап шықтым.
Силлабус бойынша, тақырыпқа сай өндірістік тәжірибеден өтуге бардық.
ЖШС «Келун-КазФарм» өндірісіндегі дәрі өндіру саласында жұмыс жүру сәтін бақылап,таныстым.Өндірісте құрылысынан бастап,жұмыстың басталуымен, аяқталуының толық барысы GMP талаптарына негізделген.Өндіріс 8 бөлімнен тұрады,және әр бөлімнің жұмысына жауапты адам барлық болып жатқан жұмыстың есебін біліп, есеп беріп отырады.Зауытта барлық медициналық мекемеде қолданылатын NaCL 0,9% ерітіндісінің қалай жасап шығаралытынын қарап, таныстым.Және Қазақстанда онкологиялық аурумен ауыратын науқастарға қолданылатын дәрілерде осы өндірісте жасап шығарылады.
Өндірісте жүріп өз мамандығыммен тереңірек танысып,оның қаншалықты маңызды, және алдағы уақытта қызығушылықпен әрі жауапкершілікпен жұмыс жасайтыныма көзім жетті. Оқу практикасы аяқталғаннан кейін басты мақсатқа қол жеткізілді - оқыту процесінде алынған практикалық білімді нақты міндеттерді шешу кезінде қолдану. Оқу практикасынан өту барысында мен жұмыстарды орындау процесіне қатыса алдым, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларымен таныстым. Практика барысында көптеген жаңа ақпараттар біліп, өзімізге керегін алдық.
Қорытындылайтын болсам, осы өткен тәжірибелік сабақтың өте үлкен пайдасы тиді, күнделікті теориядан оқып жүргенімізді, көзбен көріп барлығын толықтай түсінуге мүмкіндік болды.Келесі оқу жылдарында да, және Фармацевтикалық өндіріс саласында болашақта жұмыс жасауыма көптеген септігін тигізеді деп сенімдімін. Бізге осындай мүмкіндік берген оқу орнымызға, тәжірибелік сабақты өткізген мұғалімдерімізге алғыс айтамын!Осымен біздің практикалық сабағымыз өз деңгейінде жоғары дәрежеде өтті деп айта аламын.