Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет1/7
Дата03.12.2023
өлшемі136 Kb.
#133118
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
МР 12





«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Фармацевтикалық технология кафедрасы

Әдістемелік ұсынымдар
практикалық сабақ үшін

Редакция 1

Страница из




ОП: ТФП
Кафедра: Фармацевтикалық технология
Әдістемелік ұсынымдар
практикалық сабақ үшін


Тақырып: Биофармацияда қолданылатын терминдер


Курс: 2
Дисциплина: Фармацевтикалық өндіріс технологиясындағы кәсіби терминология

Алматы 2023


I. Тақырып: Биофармацияда қолданылатын терминдер
II. Мақсаты: Мәтіндердегі терминдерді табу, глоссарий жасау, ауызша және жазбаша кәсіби сөйлеуде фармацевтикалық терминологияны қолдану дағдыларын жетілдіру.
III.Міндеттері: Биофармацияның негізгі ережелерімен және терминдерімен танысу, глоссарий құрастыру дағдыларын жетілдіру.


IV.Ақпараттық-дидактикалық блок

Дәрілік технологиядағы биофармацияның негізгі міндеті – дәрілік заттардың терапиялық тиімділігін барынша арттыру және олардың ағзаға ықтимал жанама әсерлерін барынша азайту.


Осының негізінде әлемдік фармацевтикалық тәжірибеде жаңа дәрілік заттарды жасаудағы клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерге дәрілік заттардың шығарылуына, фармакокинетикасына, фармакодинамикасына және токсикодинамикасына фармацевтикалық факторлардың әсерімен байланысты биофармацевтикалық скрининг жатады.
Биофармация – дәрілік заттардың ағзаға емдік әсерінің әртүрлі факторларға (фармацевтикалық, биологиялық және т.б.) тәуелділігін зерттейтін ғылым.
Биофармация – әртүрлі дәрілік формаларда, бірақ бірдей мөлшерде шығарылатын дәрілік заттардың құрамындағы белсенді және көмекші заттардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерінің олардың емдік әсеріне әсерін зерттейтін фармацияның ғылыми пәні.
Биофармацияның пайда болуы фармацияның, медицинаның, химияның және басқа ғылымдардың прогрессивті дамуының нәтежиесі. Дәл бірнеше білім саласының түйіскен жерінде биофармация пайда болады.
Ол дәрілік заттардың терапевтік эквивалентсіздігі фактілерін анықтағаннан кейін пайда болды, яғни құрамы бірдей, бірақ әртүрлі фармацевтикалық компаниялар дайындаған дәрілік заттар терапевтік тиімділігі бойынша ерекшеленді. Бұл бірқатар себептерге байланысты болды: дәрілік заттарды ұнтақтау дәрежесі, қосалқы заттарды таңдау және технологиялық процестердің айырмашылығы, осының барлығы фармацевтикалық факторлар деп аталады. Арнайы әдебиеттерде «фармацевтикалық факторлар» термині ең алдымен дәрілік заттардың тиімділігі мен оларды дайындау әдістерінің арасындағы байланыстың болуы туралы эксперименттік мәліметтерді клиникалық растауға байланысты болатыны кең тарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет