Сандық айырымдық рекурренттік теңдеулер: (2.29)
3 Бейсызықты жүйелерді сипаттауға арналған модельдер (сурет 2.3)
u(t)=δ(t) y(t)=ω(t)
(2.30)
(2.31)
Сурет 2.3 – динамиканың бейсызықты модельдері
4 Стохастикалық модельдер.Бейсызықты жүйенің Вольтер ядроларын пайдаланатын моделі. Шулары бар модельдердегі құбылыстарды қарастыру барысында шулардың идентификаттау үрдісіне тигізетін әсерін авто- және өзара- корреляциялық функциялар ұғымдарын пайдалану арқылы бағалау қабылданған. Шулардың әсерлерін бағалауға болады, егер шуларды сипаттау үрдісін келесі теңдеумен сипаттаса:
(2.31)
Ruu- кіріс сигналдың автокорреляциялық функциясы (6-ші лекциядан қараңыз) ;
Ruy- кіріс және шығыс сигналдың өзара-корреляциялық функциясы.
Егер u(t) – кездейсоқ стационарлы үрдіс және y(t) ол да сондай болса, онда бұл ұғымдарды пайдалана отырып, Ruu мен Ruy кездейсоқ құрамдың шамасын бағалауға мүмкіндік беретіндігін ескермейді, осы интегральды теңдеуді шешу арқылы кіріс және шығыс бөгеттерді ескеріп бағаларды алуға болады. Егер кіріс сигналды “абсолютті” дәл өлшеуге болатын, ал шығыс сигнал бөгеуілдің барлық аддитивті құрамдастарын қамтитын шарт орындалса бұл есептің шешімі бар.
Сонымен, идентификатталатын модельдің түрі бойынша ерекшелеуге болады: сызықты және бейсызықты; детерминді және стохастикалық; уақыты үздіксіз және дискретті; стационарлы және бейстационарлы; бірөлшемді және көпөлшемді; статикалық және динамикалық; параметрлері жинақталған және таралған. Студент осындай объекттерге мысал келтіре білуі тиіс.
Идентификаттау қасиеттері: басқарылымдық, бақыланулық, идентификатталанулық.
Басқарылымдық– жүйе басқарылымды болады, егер уақыттың кез-келген моменті үшін кез-келген күйлерде жүйенің бастапқы күйін соңғы күйге ауыстыратын u басқару бар болса.
Мұндағы: n – жүйенің реті; А – х-тің жанындағы коэффициенттерінің матрицасы;
В – r -дің жанындағы коэффициенттерінің матрицасы;.
Жүйенің басқарылымдық шарты detuy нөльге тең болмауы.
Бақыланулық – жүйе бақыланылады, егер оның кез-келген немесе барлық күйлерін жүйенің шығыс векторы бойынша тікелей немесе жанама түрде анықтауға болатын болса.
,
мұндағы: С – шығыс матрицасы, у-ің жанындағы коэффициенттер.
Кемінде бір минор нөльге тең болмауы тиіс, сол жағдайда жүйе бақыланылады.