«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Кіріс пен шығыс арасындағы байланыс сипатын анықтау



бет53/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
Лекции МХТП қаз

Кіріс пен шығыс арасындағы байланыс сипатын анықтау. Модельдің кірісі мен шығысының арасындағы байланыс сипатын (оператор түрін), яғни ПТ көпұштықтың ішкі құрылымын мақсатқа сай анықтау объектте өтетін үрдістердің механизмі туралы теориялық түсініктер негізінде ғана мүмкін. Кері жағдайда құрылымдарды тек жай сұрыптап шығу ғана қалады, ал ол айтарлықтай іске апайды. Құрылымдарды синтездеуді формализациялау әрекеттері бар, мысалы типтік буындарды, ұяшықтарды немесе шартты-элементарлы оператроларды: идеальды араластыру, ығыстыру, диффузия, химиялық кинетика, жылуберіліс және с.с. ерекшелеу арқылы. Өзара зат немесе энергия ағындарымен алмасатын осындай ұяшықтардан (буындардан) күрделі объекттер модельдерінің сәйкес құрылымдарын синтездеу ұсынылады. Әрине, мұндай тәсіл қарастырылатын есепті шешуді жеңілдетеді, бырақ, нақтылы объекттердің қасиеттерінің көптүрлілігін толығымен тамандай алуы мүмкін емес. Сондықтан құрылым туралы гипотезалар физикалық, физика-химиялық және нақтылы объекттер туралы басқа теориялық түсініктерді ескере отырып қойылады, ал осы гипотезаларды тексеру үшін экспериментальды-статистикалық әдістерді пайдаланады.
Қалдықтарды мазмұндық талдау құрылымдың адекваттылығы туралы гипотезаларды тексеру әдісі ретінде. Қателер мен қалдықтарды зерттеу. қалдықтар деп шығыс параметрдің нақтылы өлшенген және модель көмегімен болжамдалған арасындағы айырымдардың n мәндері түсініледі. Бұл регрессиялық немесе қандай да бомасын басқа теңдеу арқылы түсіндіруге мүмкін емес шамалар, яғни, модельдің қалдық қателері.
Қателерге қатысты келесі жорамалдар жасалады: қателер тәуелсіз, нөльдік орташа шамаға, тұрақты дисперсияға ие және таралудың қалыпты заңына бағынады.
Егер таңдап алынатын модель объектпен қанағаттанарлық сәйкестікте болатын болса, қалдықтар біз жасаған жорамалдарды растауы немесе кемінде оларға қайшы болмауы тиіс.
Келесі сұрақ тұжырымдалады: «Қалдықтар біздің жасаған жорамалдар қате екендігін дәлелдей ме?»
Қалдықтарды зерттегеннен кейін келесі қорытындылардың біріне келуге болады:

  1. жорамалдар, бәлкім, бұзылған (кейбір мағынада)

  2. жорамалдар, бәлкім, бұзылмаған.

Соңғысы біздің жорамалдықтың дұрыстығы туралы қорытындыға келгенімізді білдірмейді, дұрыс емес туралы тұжырымдауға біздің негізіміз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет