«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


лекция Объектілердің параметрлерін және күйін бағалау



бет56/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
13 лекция Объектілердің параметрлерін және күйін бағалау
Мақстаы: тақырыбының материалы келесі мәселелерді қамтиды: объекттердің параметрлері мен күйлерін бағалау; Калман-Бьюси фильтрі; параметрлер мен күйлерді бір уақытта бағалау; квазисызықтандыру әдістері


Тезистер
Объекттердің параметрлері мен күйлерін бағалау параметрлік идентификаттау кезеңінде орындалады.
Параметрлік идентификаттау есептерін шешу үшін объекттердің ерекшеліктерін, олардың жұмыс жасау шарттарын, экспериментальды леректерді тестілеу тәсілі мен талдаудың математикалық негізін, пайда болатын модельдердің түрін және с.с. ескеретін көптеген әдістер жетілдірілген. Параметрлік идентификаттау әдістерін түрлі белгілерімен сипаттауға болады. Зерттелетін объектті тестілеу тәсілі бойынша идентификаттау әдістері белсенді және пассивті әдістерге жіктеледі.

Белсенді әдістерді пайдалану объекттің кірісіне арнайы қалыптастырылған – детерминді немесе кездейсоқ сипатты әсерлерді беруді жорамалдайды. Идентификаттаудың белсенді әдістерінің арасында гармоникалық кіріс әсердің себебінен пайда болған зерттелетін объекттің тұрақталған шығыс сигналдарын өлшеуге негізделген жиіліктік әдістер кең қолданысқа ие болды. Сызықты объекттерді идентификаттау үшін басқа да периодтық (тікбұрышты, үшбұрышты) әсерлерді, және сонымен қатар, сатылы, импульсті және басқа сигналдар түріндегі апериодикалық әсерлерді пайдаланады. Кездейсоқ тестілеу сигналдар ретінде псевдокездейсоқ екілік тізбектілер әсіресе кең пайдаланады, оның себебі оларды алу оңай және есептеуіш техника құралдары көмегімен өңдеу ыңғайлы. Белсенді идентификаттаудың құндылығы объект туралы априорлы деректерге қойылатын талаптардың қатаң еместігінде. Экспериментті жоспарлау әдістеріне негізделіп мұндай идентификаттауды мақсатқа сай орындауға болады, ол объекттің айнымалыларының арасындағы тәуелділіктердегі заңдылықтарды анықтауды жылдамдатуға және соған байланысты оны сынақтауға жұмсалатын уақыттық және заттық шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Идентификаттаудың пассивті әдістерін пайдаланғанда объект қалыпты жағдайларында жұмыс жасайды. Бұл кезде оның моделінің параметрлері оның кірісі мен шығысындағы шамалардың табиғи өзгерулерін бақылауларды статистикалық өндеу нәтижелері бойынша ізделінеді. Пассивтік идентификаттауда өлшенген деректерді өндеудің статстикалық принциптерін пайдаланады (корреляциялық және регрессиялық талдау әдістері, стохастикалық аппроксимациялау және с.с.). Пассивті әдістердің жетістігі – оларды қолдану үшін объекттің кәдімгі жұмыс жасау режимдерінде ғана айнымалыларды тіркеу жеткілікті. Бұл әсіресе қымбат құнды өнімді үздіксіз өндіретін нақтылы өндірістік үрдістерді идентификаттауда маңызды. Екінші жағынан, идентификаттаудың пассивті әдістерде ақпаратты жинақтау және өндеуге жұмсалатын уақыт шығындары едәуір. Сонымен қатар, объекттің кірісіндегі әсер жеткілікті түрде кең жиілік спектрге ие болған жағдайда ғана оларды пайдалануға болады. Соңғы себепке байланысты идентификаттау дәлдігінің төмендеуін едәуір азайтуға болады егер объекттің табиғм кіріс әсеріне статистикалық сипаттары берілген аз деңгейлі арнайы кездейсоқ сигналды қосса. Бұл жағдайда әдетте объектке әсер тигізетін бақыланбайтын бөгеуілдердің әсері де азаяды.
Объекттерді идентификаттауда бақылау деректерін өндеудің детерминді және статистикалық әдістерін пайдаланады, ол талдауға жататын сигналдардың сипатына байланысты. Детерминді әдістерді тек белсенді идентификаттауда, объекттің кірісі мен шығысындағы сигналдар детерминді түрге ие болатын жағдайда ғана пайдалануға болады. Бырақ, нақтылы жағдайларда, бөгеуілдердің қатты әсерінен мұндай сигналдар қатты шуланған. Талдаудың талап етілетін дәлдікке бұл жағдайда өндеудің детерминді алгоритмдерді алынған нәтижелерді статистикалық орташалаумен (тегістеу) толықтыру арқасында қол жеткізуге болады. Әрине, бұл үшін деректерді жинау мақсатында объектті ұзақрақ сынақтау қажет.
Уақыттық шығандар белгісі бойынша идентификаттау әдістері оперативті және ретроспективтілерге жіктеледі. Оперативті идентификаттауда объекттің өзгеретін параметрлерін бақылау қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатпен деректерді өндеудің реккурентті алгоритмдерін пайдаланады, оларды аппараттық құралдар арқылы зерттелетін объектте өтетін үрдістердің жылдамдығына жақын теаппен жүзеге асыруға болады. Ретроспективті идентификаттауда идентификаттау есебін шешу шарттарын едәуір жеңілдетеді. Бұл жағдайда жинақталған экспериментальды деректерді көп рет пайдалануға және оларды талдаудың ең тиімді алгоритмдерін таңдауға болады.
Идентификаттау әдістерін көп жағдайларда белгілі бір класстың динамикалық объекттерін зерттеуге бейімделінуін көрсететін белгі бойынша да ажыратады. Алынатын модельді объектпен салыстыру процедуралардың бар немесе жоқтығы идентификаттауда маңызды ерекшелік болып табылады. Бұл сәйкесінше идентификаттау жүйелерін құрудың мүмкін болатын екі құрылымын анықтайды: ажыратылған және тұйықталған схемалар бойынша.
Идентификаттау есебін шешу нәтижесі болып уақыттық немесе жиілік аумақта бейнеленген математикалық модель табылады. Бұл кезде алынған модель объектке тәртібі бойынша, яғни, идентификаттауда таңдап алынған ұқсастық критерийге сәйкес динамикалық қасиеттері бойынша адекватты.
Объекттердің параметрлері мен күйлерін бағалау саласынан кейбір негізгі түсініктерді қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет