«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021



бет57/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
Лекции МХТП қаз

Винер бағалауы — шексіз бақылау уақытта нақытылы y(t) және қалаулы d(t) шығыс сигналдар арасындағы орташа квадратты қатені минимизациялайтын сызықты стационарлы жүйенің импульстік сипаттамасын табу есебі. Жүйенің кірісіне f(t) сигнал беріледі, шығыс сигнал келесі өрнекпен анықталады:

Қолдану шарттары, сигналдар мен бөгеуілдердің сипаттары жеткілікті түрде тұрақтыболып қалады, олардың статистикалық сипаттамалары аз өзгереді деп жорамалданады. Егер шарттар ауыспалы және жүйенің жұмыс жасау барысында бөгеуілдер елеулі өзгеретін болса, онда жүйе параметрлерін автоматты түрде оптимизациялау қажеттілігі пайда болады. Бұл түрлі экстремальды, адаптивті, үйренетін жүйелерде жүзеге асырылады.
Винер–Хопф теңдеуі. Объекттің импульстік өтпелі функциясын анықтаудың статистикалық әдістерінің негізінде Фредгольмнің интегральды теңдеуі немесе Винер–Хопф интегральді теңдеуі (t>0) жатыр:
, (ВХТ)
мұнда: - объекттің импульстік сипаттамасы, салмақтық функциясы.
Бұл теңдеуден анықталған орташа квадратты қателік мағынасында ең жақсысы болып табылады. (ВХТ) теңдеуінде белгіленген Rxy – шығыс пен кірістің өзара корреляциялық функциясы; Rxx – кіріс сигналдың корреляциялық функциясы.
-ны анықтау мақсатында (ВХТ) теңдеуін шешуді түрлі әдістермен орындайды, мысалы, басқарылатын фильтрде импульстік функцияның ординаттарын іріктеп алу әдісімен (арнайы аппаратураны талап етеді); (ВХТ) теңдеуін сызықты алгебралық теңдеулер жүйесіне келтіру әдісімен; Фурье түрлендіруі әдісімен.
ВХТ-ны Винер және Хопф жұлдыздар ішіндегі радиациялық тепе-теңдік есебін шешу барысында тапқан. Бұл теңдеу кибернетикада да оның шумен арласқас қоспасынан пайдалы сигналды ерекшелеп алып, фильтрлеу есептерін шешу барысында пайдаланылады.
кірісі бар сызықтық объекттің шығысы үйірткі интегралымен анықталатынын еске салайық:
(ҮТ)
Винер фильтрі. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Винер интерполяция, экстраполяция және уақыттық қатарларды тегістеу бойынша өзінің фундаментальды, қазіргі кезде классикалық болған зерттеулерін орындады. Калман фильтрі күйлер кеңістігінде тұжырымдалған шешімді алуға мүмкіндік береді. Винер әдісіне қарағанда Калман фильтрі бейстационарлы сигналдар жағдайына оңай таралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет